О подписании Протокола о внесении дополнения в Соглашение о Секретариате Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии от 17 июня 2006 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2008 года N 765

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении дополнения в Соглашение о Секретариате Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии от 17 июня 2006 года.

      2. Министру иностранных дел Республики Казахстан Тажину Марату Муханбетказиевичу подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении дополнения в Соглашение о Секретариате Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии от 17 июня 2006 года, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр 
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен            
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 23 августа 2008 года N 765

проект

  Протокол
о внесении дополнения в Соглашение о Секретариате Совещания по
взаимодействию и мерам доверия в Азии от 17 июня 2006 года

      Государства-члены Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии (далее - государства-члены), являющиеся сторонами, подписавшими  Соглашение о Секретариате Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии от 17 июня 2006 года (далее - Соглашение),

      принимая во внимание, что в результате переноса столицы Республики Казахстан, являющейся принимающей стороной Секретариата, из города Алматы в город Астану многие из дипломатических миссий и офисов международных организаций и форумов уже переехали или в процессе переезда из города Алматы в город Астану,

      учитывая факт, что вопросы материально-технического обеспечения на определенном этапе могут вызвать необходимость переноса Секретариата из города Алматы в город Астану,

      в целях обеспечения более благоприятной обстановки для Секретариата Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии,

      руководствуясь пунктом 5 статьи 6 Соглашения,

      согласились о нижеследующем:

      1. Подпункт 2 статьи 1 Соглашения после слова "Алматы" дополнить словами  "или городе Астане" .

      2. Настоящий Протокол вступает в силу в соответствии с пунктом 1 статьи 6 данного Соглашения.

      3. Депозитарием настоящего Протокола является Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Депозитарий информирует государства-члены о дате вступления в силу настоящего Протокола.

      Совершено в городе Алматы 25 августа 2008 года в одном экземпляре на английском языке.
      Депозитарий направит каждому государству-члену заверенную копию настоящего Протокола.

2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 тамыздағы N 765 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы  келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 23 тамыздағы
N 765 қаулысымен    
мақұлданған      

жоба 

  2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы
келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама

      Тараптар болып табылатын, 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер);
      Хатшылықтың қабылдаушы тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілуі нәтижесінде көптеген дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың және форумдардың кеңселері Алматы қаласынан Астана қаласына көшкенін немесе көшу үстінде екенін назарға ала отырып,
      материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері белгілі бір кезеңде Хатшылықты Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру қажеттігін тудыруы мүмкін фактісін ескере отырып,
      Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер Хатшылығы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында,
      Келісімнің 6-бабы 5-тармағын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

      1. Келісімнің 1-бабы 2-тармақшасы "Алматы" деген сөзден кейін   "немесе Астана қаласында"   деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Хаттама осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

      3. Осы Хаттаманың депозитарийі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады.

      4. Депозитарий осы Хаттаманың күшіне енген күні туралы мүше мемлекеттерге хабарлайды.
      2008 жылғы 25 тамызда Алматы қаласында ағылшын тілінде бір данада жасалды.
      Депозитарий осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін әрбір мүше мемлекетке жібереді.