Об определении условий предоставления кредитных ресурсов из республиканского бюджета на 2008 год акционерному обществу "Банк Развития Казахстана" на строительство инфраструктуры первого интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2008 года № 1073

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить акционерному обществу "Банк Развития Казахстана" (далее - заемщик) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год" по бюджетной программе 053 "Предоставление кредитных ресурсов акционерному обществу "Банк Развития Казахстана" на строительство инфраструктуры первого интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области" бюджетный кредит в сумме 10 000 000 000 (десять миллиардов) тенге (далее - кредит).
      2. Определить следующие условия предоставления кредита заемщику:
      1) целью предоставления кредита является финансирование строительства инфраструктуры первого интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области;
      2) сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор), Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (далее - Администратор) и заемщик;
      3) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности на срок 20 (двадцать) лет с шестилетним льготным периодом погашения основного долга, по ставке вознаграждения, равной 0,5 (ноль целых пять десятых) процента годовых;
      4) ставка вознаграждения для товарищества с ограниченной ответственностью "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." (конечный заемщик) не должна превышать 3 (трех) процентов годовых;
      5) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком в соответствии с подпунктом 3) настоящего пункта равными долями с годовой периодичностью;
      6) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с годовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 12 (двенадцати) месяцев с даты освоения кредита;
      7) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется кредитором на основании заявки Администратора по согласованию с заемщиком путем единовременного перечисления суммы кредита со счета Администратора на корреспондентский счет заемщика. Кредит считается освоенным с момента снятия средств со счета Администратора;
      8) акционерное общество "Банк Развития Казахстана" непосредственно кредитует конечного заемщика на строительство инфраструктуры первого интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области в соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 апреля 2001 года "О Банке Развития Казахстана" и утвержденными внутренними документами данного общества;
      9) заемщик обеспечивает выполнение мероприятий по финансированию строительства инфраструктуры первого интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области;
      10) кредит выделяется без предоставления заемщиком обеспечения обязательств по возврату кредитов.
      3. Кредитору и Администратору в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитного договора, указанного в подпункте 2) пункта 2 настоящего постановления;
      2) контроль и мониторинг освоения, целевого и эффективного использования кредита, своевременного и полного погашения кредита в республиканский бюджет.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салуға "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредит ресурстарын беру шарттарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 1073 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) 053 "Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салуға "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кредит ресурстарын беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес 10 000 000 000 (он миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берілсін.
      2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары белгіленсін:
      1) кредит берудегі мақсат Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешені инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру болып табылады;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады;
      3) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен жылдық 0,5%-ға (нөл бүтін бес ондық) тең сыйақы ставкасы бойынша негізгі борышты өтеудің алты жылдық жеңілдік кезеңімен 20 (жиырма) жыл мерзімге теңгемен беріледі;
      4) "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін (соңғы қарыз алушы) сыйақы ставкасы жылдық 3 (үш) пайыздан артық болмауы тиіс;
      5) қарыз алушының кредит бойынша негізгі борышты өтеуі осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес тең үлестермен бір жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады;
      6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық мерзімділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақының бірінші төлемі кредитті игерген күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң жасалады;
      7) республикалық бюджеттен кредит бөлу Әкімшінің өтінішінің негізінде қарыз алушымен келісім бойынша Әкімшінің есеп шотынан қарыз алушының корреспонденттік шотына бір жолғы кредит сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады. Кредит Әкімшінің есеп шотынан қаражатты алған сәттен бастап игерілген болып есептеледі;
      8) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы түпкілікті қарыз алушыны Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салуға "Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңына және осы қоғамның бекітілген ішкі құжаттарына сәйкес тікелей кредиттейді;
      9) қарыз алушы Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешені инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) кредит қарыз алушының кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелерін қамтамасыз етуін ұсынбай-ақ бөлінеді.
      3. Кредит беруші мен Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кредит шартын жасасуды;
      2) кредиттің игерілуін, мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды және оның мониторингін, кредиттің республикалық бюджетке уақтылы және толық өтелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов