Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2009 год и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2007 года № 753

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 1197

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Установить квоту на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2009 год в размере 0,75 процента к экономически активному населению республики, в том числе:
      первой и второй категории (руководящий состав организации, специалисты с высшим и средним профессиональным образованием) - 0,35 процента;
      третьей категории (квалифицированные рабочие) - 0,35 процента;
      четвертой категории (рабочие, занятые на сезонных сельскохозяйственных работах) - 0,05 процента.
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2007 года № 753 "О Среднесрочном плане социально-экономического развития Республики Казахстан на 2008-2010 годы" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 32, ст. 354) следующее изменение:
      в таблице "Регуляторы развития социальной сферы" раздела 2. "Государственные регуляторы социально-экономического развития Республики Казахстан на 2008-2010 годы", утвержденного указанным постановлением:
      в графе "2009 г." строки "Квота на импорт рабочей силы (с учетом трудящихся-мигрантов, привлекаемых для осуществления трудовой деятельности на сельскохозяйственных работах в приграничных областях Республики Казахстан, в %", цифры "2,40" заменить цифрами "0,75".
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2009 жылға арналған квотаны белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Ресрубликасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1197 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2009 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,75 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
      бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,35 пайыз;
      үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,35 пайыз;
      төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,05 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері" деген 2-бөлімнің "Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері" деген кестесінде:
      "Жұмыс күшінің импортының үлесі (Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облыстардағы ауылшаруашылық жұмыстарында еңбек қызметін атқару үшін тартылған еңбекші-мигранттарды қоса алғанда)" деген жолдың "2009 ж." деген бағанындағы "2,40" деген сандар "0,75" деген сандармен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов