О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2008 года № 1281. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155 "Об утверждении перечня регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 8, ст. 71) следующие дополнение и изменение:
       перечень регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий, утвержденный указанным постановлением:
      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:
      "6-1. В сфере предоставления услуг железнодорожных путей с объектами железнодорожного транспорта по договорам концессии:
      предоставление в пользование железнодорожных путей с объектами железнодорожного транспорта по договорам концессии.";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. В сфере аэронавигации:
      1) аэронавигационное обслуживание воздушных судов в воздушном пространстве, за исключением аэронавигационного обслуживания воздушных судов иностранных авиакомпаний, осуществляющих транзитные пролеты через воздушное пространство Республики Казахстан без осуществления или с осуществлением посадки на территории Республики Казахстан в некоммерческих целях;
      2) аэронавигационное обслуживание воздушных судов в районе аэродрома, за исключением аэронавигационного обслуживания воздушных судов иностранных авиакомпаний, осуществляющих транзитные пролеты через воздушное пространство Республики Казахстан с осуществлением посадки на территории Республики Казахстан в некоммерческих целях.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1281 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі :
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:
      концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарын пайдалануға беру.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Аэронавигация саласында:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов