О реорганизации государственного учреждения "Центр информации и тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" и республиканского государственного казенного предприятия "Евразийский центр обучения государственных служащих"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1305

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года и Законом Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Реорганизовать государственное учреждение "Центр информации и тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" и республиканское государственное казенное предприятие "Евразийский центр обучения государственных служащих" путем слияния и преобразования в акционерное общество "Национальный центр по управлению персоналом государственной службы" (далее - общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.
      2. Определить основным предметом деятельности общества:
      1) внедрение новой системы подготовки, рекрутинга и профессионального роста наиболее талантливых и подготовленных кадров государственной службы;
      2) изучение состояния персонала государственных и иных организаций;
      3) оказание консалтинговых услуг;
      4) повышение квалификации и обучение государственных служащих;
      5) разработка программного обеспечения и web-порталов;
      6) эксплуатация и обслуживание зданий, находящихся на балансе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы;
      7) обеспечивает бесперебойное функционирование интегрированной информационной системы «е-кызмет» (далее - «е-кызмет»);
      8) оказывает консультационную и практическую помощь государственным органам по вопросам «е-кызмет»;
      9) проводит техническую поддержку мероприятий по реализации оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «А»;
      10) проводит мероприятия по обеспечению технической поддержки для проведения оценки эффективности деятельности государственных органов по управлению персоналом государственной службы;
      11) разрабатывает технические инструменты для поддержки отбора персонала государственных органов;
      12) осуществляет технические процедуры тестирования, проводимые государственными органами.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 31.05.2014 № 601.
      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы (по согласованию) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) передачу Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы права владения и пользования государственным пакетом акций общества;
      2) утверждение устава общества и его государственную регистрацию в органах юстиции;
      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 31 декабря 2008 года № 1305

Изменения и дополнения, которые вносятся в
некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):
      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-114, следующего содержания:
      "21-114. АО "Национальный центр по управлению персоналом государственной службы".
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      приложение к указанному постановлению дополнить разделом и строкой, порядковый номер 306, следующего содержания:
      "Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы
      306. АО "Национальный центр по управлению персоналом государственной службы".
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесі және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:
      1) мемлекеттік қызметтің анағұрлым талантты және тәжірибелі кадрларын даярлаудың, олардың рекрутингі мен кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізу;
      2) мемлекеттік және өзге де ұйымдар персоналының жағдайын зерделеу;
      3) консалтингтік қызметтер көрсету;
      4) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды окыту;
      5) бағдарламалық қамтамасыз етуді және wеb-порталдарды әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің теңгеріміндегі ғимараттарды пайдалану және оларға қызмет көрсету;
      7) «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі — «е-қызмет) үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      8) «е-қызмет» мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
      9) «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды іске асыру жөніндегі іс-шараларға техникалық қолдау жүргізеді;
      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік персоналын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді;
      11) мемлекеттік органдарға персоналды іріктеуді қолдауға арналған техникалық құралдарды әзірлейді;
      12) мемлекеттік органдар өткізетін тестілеудің техникалық рәсімдерін жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2014 № 601 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беруді;
      2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1305 қаулысымен  
бекітілген  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-114-жолмен толықтырылсын:
      "21-114. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ".
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 656 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 306-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      306. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.