Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 55. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 848

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.08.2013 № 848 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27-1 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами (далее - Правила).
      2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Национальному Банку Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить проведение процедур в соответствии с Правилами.
      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2009 года и подлежит официальному опубликованию.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 января 2009 года № 55

Правила
перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных
пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя)
двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет
обязательных пенсионных взносов с различными накопительными
пенсионными фондами

      1. Настоящие Правила перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 27-1 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее - Закон) и определяют порядок перевода пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) уполномоченная организация (далее - Центр) - юридическое лицо, уполномоченное Правительством Республики Казахстан осуществлять функции на условиях Закона ;
      2) единый список физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов (далее - Единый список) - сведения о заключенных договорах о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, имеющих наиболее позднюю дату заключения, а также вкладчиках (получателях) в базе данных Центра;
      3) электронное уведомление - электронный документ Центра по переводу пенсионных накоплений вкладчиков (получателей), сформированных за счет обязательных пенсионных взносов;
      4) фонд-отправитель - накопительный пенсионный фонд, который переводит пенсионные накопления вкладчика (получателя) в другой накопительный пенсионный фонд через Центр на основании Единого списка;
      5) фонд-получатель - накопительный пенсионный фонд, в который поступает перевод пенсионных накоплений вкладчика (получателя) через Центр на основании Единого списка.
      3. Проведение процедур по переводу пенсионных накоплений из нескольких накопительных пенсионных фондов в один, при наличии у вкладчика (получателя) двух и более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами осуществляется по времени города Астаны в период с 18-00 часов 4 июля 2009 года до 9-00 часов 7 июля 2009 года.
      4. В соответствии с данными Единого списка Центр направляет электронные уведомления во все накопительные пенсионные фонды, за исключением фонда-получателя, о закрытии индивидуальных пенсионных счетов и осуществлении перевода в фонд-получатель пенсионных накоплений вкладчика (получателя), сформированных за счет обязательных пенсионных взносов.
      5. Фонд-отправитель производит списание пенсионных накоплений и закрывает индивидуальные пенсионные счета вкладчиков (получателей), формирует и направляет в Центр электронное приложение списка вкладчиков (получателей) к платежному поручению о переводе пенсионных накоплений в фонд-получатель в течение трех рабочих дней с момента получения электронного уведомления Центра.
      Центр не осуществляет внесение изменений в Единый список в части заключения договора о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с новым накопительным пенсионным фондом до завершения процедуры перевода пенсионных накоплений в фонд-получатель.
      6. В случае отсутствия пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов у вкладчиков (получателей), имеющих два или более договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов с различными накопительными пенсионными фондами, фонды-отправители проставляют нулевое значение.
      7. Центр обрабатывает поступившую информацию от накопительных пенсионных фондов, определяет сумму взаиморасчетов и формирует базу данных по закрытым индивидуальным пенсионным счетам.
      8. Взаиморасчеты по обязательствам пенсионных фондов, возникшим при переводе пенсионных накоплений вкладчиков (получателей), осуществляются в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан .

Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 55 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 27-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) Ережеге сәйкес рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 55 қаулысымен   
бекітілген      

Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі

      1. Осы Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-1-бабына сәйкес әзірленді және салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше зейнетақы қорынан біреуіне аударудың тәртібін айқындайды. V085517
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Заңның талаптарындағы  функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға;
      2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі - Бірыңғай тізім) - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы, жасалған күні анағұрлым кейін шарттар, сондай-ақ Орталықтың дерекқорындағы салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер;
      3) электронды хабарлама - Орталықтың салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару жөніндегі электронды құжаты;
      4) жіберуші қор - Бірыңғай тізімнің негізінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Орталық арқылы аударатын жинақтаушы зейнетақы қоры;
      5) алушы қор - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының аударымы Бірыңғай тізімнің негізінде Орталық арқылы келіп түсетін жинақтаушы зейнетақы қоры.
      3. Салымшыда (алушыда) түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару рәсімдерінің жүргізілуі Астана қаласының уақытымен 2009 жылғы 4 шілдедегі сағат 18-00-ден 2009 жылғы 7 шілдедегі сағат 9-00-ге дейін жүзеге асырылады.
      4. Орталық Бірыңғай тізім деректеріне сәйкес жеке зейнетақы шоттарының жабылғаны және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын алушы қорға аударудың жүзеге асырылғаны туралы электронды хабарламаларды алушы қорды қоспағанда, барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді.
      5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын есептен шығаруды жүргізеді және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабады, алушы қорға зейнетақы жинақтарын аудару туралы төлем тапсырмасына салымшылар (алушылар) тізімінің электронды қосымшасын қалыптастырады және оны Орталықтан электронды хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде Орталыққа жібереді.
      Орталық, зейнетақы жинақтарын алушы қорға аудару рәсімі аяқталғанға дейін міндетті зейнетақы жарналары есебінен жаңа жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Шарт жасасу бөлігінде Бірыңғай тізімге өзгерістер енгізуді жүзеге асырмайды.
      6. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты бар салымшыларда (алушыларда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда жіберуші қорлар нөлдік мән қояды.
      7. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан келіп түскен ақпаратты өңдейді, өзара есеп айырысу сомасын айқындайды және жабылған жеке зейнетақы шоттары бойынша дерекқорды қалыптастырады.
      8. Зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.