О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2009 года № 525

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "О республиканском бюджете на 2009 - 2011 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Выделить Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2009 год на неотложные затраты, средства в сумме 94236000 (девяносто четыре миллиона двести тридцать шесть тысяч) тенге на капитальный ремонт станции очистки Булаевского группового водопровода.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 525 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Булаев топтық су құбырын тазалау станциясын күрделі жөндеуге 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 94236000 {тоқсан төрт миллион екі жүз отыз алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов