О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2009 года № 968

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                         К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан

О дальнейшем совершенствовании системы
государственного управления Республики Казахстан

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях координации процессов диверсификации и форсированного индустриально-инновационного развития экономики и дальнейшего упорядочения и повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Реорганизовать:
      1) Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан:
      путем выделения Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства (далее - Агентство) с передачей ему функций и полномочий в сфере государственного управления архитектурной, градостроительной и строительной деятельностью, жилищных отношений и коммунального хозяйства;
      с передачей его функций по выработке политики государственного регулирования предпринимательской деятельности Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;
      2) Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан с передачей его функций:
      по развитию сельскохозяйственного машиностроения Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан;
      по выработке политики государственного регулирования в сфере водоснабжения и водоотведения в пределах населенных пунктов Агентству;
      3) Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан с передачей его функций по выработке политики государственного регулирования в сфере электроснабжения (электросетевые объекты 0,4 кВт), теплоснабжения, кроме ТЭЦ и котельных с установленной мощностью 100 Гкал/час и более Агентству.
      2. Наделить:
      1) Агентство функцией по выработке политики государственного регулирования в сферах газоснабжения потребителей в пределах населенных пунктов и обращения с коммунальными отходами;
      2) Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан функцией по выработке политики развития высокотехнологичной сервисной индустрии, не отнесенной к компетенции иных государственных органов.
      3. Правительству Республики Казахстан:
      1) упразднить Комитет по делам строительства и жилищно- коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан с передачей его функций создаваемому Агентству;
      2) обеспечить перераспределение штатной численности упраздняемого и реорганизуемых государственных органов Республики Казахстан;
      3) принять иные необходимые меры по реализации настоящего Указа.
      4. Определить Агентство правопреемником по обязательствам упраздняемого Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан.
      5. Пункт 1 Указа Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 6 "О структуре Правительства Республики Казахстан" дополнить абзацем следующего содержания:
      "Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства".
      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
       Республики Казахстан                         Н. Назарбаев

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 968 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, әртараптандыру процестері мен экономиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуын үйлестіру және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұрғын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Агенттікті бөліп шығару жолымен;
      оның кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бере отырып;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның:
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне;
      елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оның ЖЭО және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары орнатылған қазандықтардан басқа, электрмен жабдықтау (0,4 кВт электр желілік объектілер), жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып қайта да ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Агенттікке елді мекендер шегінде тұтынушыларды газбен жабдықтау салаларындағы және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функция;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлеу жөніндегі функция берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін оның функцияларын құрылатын Агенттікке бере отырып таратсын;
      2) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын;
      4. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев