О проведении охоты на дрофу-красотку

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2009 года № 1478

      В соответствии со статьей 15 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить проведение соколиной охоты на дрофу-красотку с собственными соколами в период с 1 октября по 15 ноября 2009 года:
      1) шейху Халифу Бин Заед Аль Нахаян (Объединенные Арабские Эмираты) на 32 (тридцать две) особи дрофы-красотки на территории Арысской и Карактауской государственной заповедной зоны республиканского значения в Южно-Казахстанской области и на 25 (двадцать пять) особей дрофы-красотки на территории Южно-Казахстанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Жамбылской, Кызылординской и Южно-Казахстанской областях;
      2) шейху Суруру Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 13 (тринадцать) особей дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;
      3) шейху Сеифу Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 12 (двенадцать) особей дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;
      4) шейху Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар) на 21 (двадцать одну) особь дрофы-красотки на территории Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения в Алматинской и Жамбылской областях.
      2. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан:
      1) в установленном порядке выдать разрешения на добычу дрофы-красотки с собственными соколами лицам, указанным в пункте 1 настоящего постановления;
      2) обеспечить проведение республиканским государственным казенным предприятием «ПО «Охотзоопром» совместно с дочерним государственным предприятием «Институт зоологии» республиканского государственного предприятия «Центр биологических исследований» Министерства образования и науки Республики Казахстан мероприятий по восстановлению популяции дрофы-красотки на договорной основе с лицами, указанными в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Ставку платы за добывание дрофы-красотки установить в размере 260 месячных расчетных показателей.
      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, административному органу СИТЕС в Республике Казахстан обеспечить ввоз в Республику Казахстан и вывоз из нее хищных ловчих птиц для проведения соколиной охоты с соблюдением процедур Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения.
      5. Акимам Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей оказать необходимое содействие в организации указанных мероприятий.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1478 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 1 қазан - 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық құруға:
      1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 32 (отыз екі) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 25 (жиырма бес) дарақ жек дуадақ;
      2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадақ;
      3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 12 (он екі) дарақ жек дуадақ;
      4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 21 (жиырма бір) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
      2) "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Биологиялық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Зоология институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдармен шарттық негізде жек дуадақтың тұқымын қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Жек дуадақты аулау үшін ақы ставкасы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов