О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2009 года № 1540. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.09.2014 № 1011 (порядок введения в действие см. п. 8).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года "О конкуренции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство)" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 79) следующее дополнение:
      в Положении об Агентстве Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство), утвержденном указанным постановлением:
      пункт 17 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) принимает меры, направленные на противодействие коррупционным правонарушениям в Агентстве и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 1540 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 79-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов