О переименовании Государственного учреждения "Казахская национальная академия музыки" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1560.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать Государственное учреждение "Казахская национальная академия музыки" Министерства образования и науки Республики Казахстан в Государственное учреждение "Казахский национальный университет искусств" Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 октября 2009 года № 1560

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2000 года № 1021 "Об утверждении Перечня государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 28, ст. 339):

      в Перечне государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 25, изложить в новой редакции:

      "25 Государственное учреждение "Казахский

      национальный университет искусств" город Астана".

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":

      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе 12:

      строку "Казахская национальная академия музыки 274*"

      изложить в новой редакции:

      "Казахский национальный университет искусств 274*".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2009 года № 704 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением подготовки специалистов в организациях образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) на 2009/2010 учебный год":

      в государственном образовательном заказе на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета на 2009/2010 учебный год, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в государственных учреждениях Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2009/2010 учебный год":

      строку "Казахская национальная академия музыки" изложить в новой редакции:

      "Казахский национальный университет искусств".

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1560 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 12 қазандағы
N 1560 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 25-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "25 "Қазақ ұлттық өнер университеті"

      мемлекеттік мекемесі Астана қаласы".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      12-бөлімде:

      "

Қазақ ұлттық музыка академиясы

274*


      "

      деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

Қазақ ұлттық өнер университеті

274*


      ".

      4. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 704 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы" деген бөлімде:

      "Қазақ ұлттық музыка академиясы" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақ ұлттық өнер университеті".