О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2009 года № 1704

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 "Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 42, ст. 489) следующее дополнение:
      в Плане первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в подразделе 3 "Обеспечение стабильности на ипотечном рынке страны, защиты прав дольщиков и завершения объектов строительства" раздела 2 "Механизмы достижения цели и реализации постановленных задач":
      во 2 этапе: 2008 год:
      Механизм 2:
      дополнить абзацами девятым и десятым следующего содержания:
      "При этом, уполномоченными организациями будут заключены договоры в соответствии с законодательством на завершение строительства с государственными учреждениями, заключившими ранее с недобросовестными застройщиками договоры на покупку квартир в указанных объектах, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" за счет бюджетных средств для обеспечения в установленном законодательством порядке нуждающихся в жилье государственных служащих.
      Дальнейшее распределение квартир государственным служащим будет осуществляться в установленном законодательством порядке.".
      2. Акимам городов Астаны и Алматы принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1704 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімнің "Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімінде:
      2-кезеңде: 2008 жыл:
      2-тетікте:
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымдар заңнамаға сәйкес бұдан бұрын жосықсыз салушылармен көрсетілген объектілерде пәтерлер сатып алуға шарт жасасқан мемлекеттік мекемелермен құрылысты бюджет қаражаты есебінен аяқтауға шарттар жасасатын болады.
      Мемлекеттік қызметшілерге пәтерлерді одан әрі бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
      2. Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов