О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2010 года № 13. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 497

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.08.2016 № 497.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598 «О мерах по совершенствованию нормотворческой деятельности» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 16, ст. 172) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах проведения научной экспертизы, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. По проектам нормативных правовых актов может проводиться научная экспертиза (правовая, экологическая, финансовая и другая) в зависимости от правоотношений, регулируемых данными актами.
      По концепциям законопроектов проводится научная правовая экспертиза.
      По проектам нормативных правовых актов, вносимых на рассмотрение Парламента Республики Казахстан, проведение научной экспертизы в зависимости от регулируемых ими правоотношений, а также научной антикоррупционной экспертизы обязательно, за исключением случаев внесения проектов законодательных актов в порядке законодательной инициативы Президента Республики Казахстан, когда научная экспертиза может не проводиться.
      Научной антикоррупционной экспертизе в обязательном порядке также подлежат следующие проекты нормативных правовых актов:
      1) нормативные правовые постановления Правительства Республики Казахстан;
      2) нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативные правовые постановления центральных государственных органов и нормативные постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;
      3) нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые решения акимов.
      Научная антикоррупционная экспертиза не проводится по проектам нормативных правовых указов Президента Республики Казахстан, нормативных постановлений Конституционного Совета и Верховного Суда Республики Казахстан.
      Проекты законодательных и иных нормативных правовых актов, последствия от принятия которых создают условия экологической, в том числе радиационной безопасности, охране окружающей среды, подлежат обязательной экологической экспертизе.
      Критериями проведения научной антикоррупционной экспертизы проектов подзаконных нормативных правовых актов являются:
      1) наличие норм, касающихся контрольно-надзорных полномочий государственного органа и/или должностного лица;
      2) наличие норм, касающихся разрешительных процедур;
      3) наличие норм, предусматривающих введение обязанностей для физических и юридических лиц или изменение существующих обязанностей;
      4) наличие норм, предусматривающих полномочия государственного органа и/или должностного лица по наложению санкций, привлечению к ответственности, их передачу, а также разграничение полномочий между уровнями государственного управления.
      Критериями проведения научной антикоррупционной экспертизы проектов подзаконных нормативных правовых актов могут являться иные необходимые случаи.»;
      в пункте 5:
      в абзаце первом слово «законопроектов» исключить;
      в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 6), 7), 9) пункта 5 слова «законопроекта», «законопроектом» заменить соответственно словами «проектов нормативного правового акта», «проектом нормативного правового акта»;
      дополнить подпунктом 11) следующего содержания:
      «11) выявление возможных отрицательных последствий принятия проекта в качестве нормативных правовых актов.»;
      абзац четвертый пункта 10-1 изложить в следующей редакции:
      «Научная антикоррупционная экспертиза проводится на следующих стадиях разработки проекта подзаконного нормативного правового акта:
      до согласования с заинтересованными государственными органами;
      до внесения в Правительство Республики Казахстан после согласования с государственными органами».
      2. До введения в действие абзаца девятого пункта 1 настоящего постановления проекты нормативных правовых актов центральных государственных органов подлежат научной антикоррупционной экспертизе при наличии в них критериев проведения научной антикоррупционной экспертизы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие 1 января 2010 года, за исключением абзацев девятого и десятого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2011 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
      Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
      2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
      3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
      Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
      Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдері мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкілеттіктеріне қатысты нормалардың болуы;
      2) рұқсат беру рәсімдеріне қатысты нормалардың болуы;
      3) жеке және заңды тұлғаларға міндеттер енгізуді немесе қолданыстағы міндеттерді өзгертуді көздейтін нормалардың болуы;
      4) санкциялар салу, жауапкершілікке тарту, оларды беру жөніндегі мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін нормалардың болуы.
      Өзге де қажетті жағдайлар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болуы мүмкін.»;
      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Заң жобаларына» деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 6), 7), 9), 10) тармақшаларындағы «заң жобасын», «заң жобасының», «заң жобасы», «заң жобасында» деген сөздер тиісінше «нормативтік құқықтық актінің жобасын», «нормативтік құқықтық акті жобасының», «нормативтік құқықтық актінің жобасы», «нормативтік құқықтық актінің жобасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау.»;
      10-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
      мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
      мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.».
      2. Осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болған кезде олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптауға жатады.
      3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов