О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 и от 13 января 2009 года № 6

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 1236

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 "Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 42, ст. 489):
      в Плане первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 2. "Механизмы достижения цели и реализация поставленных задач":
      в пункте 2:
      абзац пятый изложить в следующей редакции:
      "В целях финансирования проектов малого и среднего бизнеса, а также бюджетных инвестиционных проектов, АО "ФНБ "Самрук-Қазына" будут выделены средства в АО "Фонд развития предпринимательства "ДАМУ" (далее - ФРП "ДАМУ"), которые будут размещены через филиальную сеть БВУ и иные финансовые организации, при этом права требования ФРП "ДАМУ" к БВУ по договорам, заключенным между ФРП "ДАМУ" и БВУ, по решению Правления АО "ФНБ "Самрук-Қазына" могут быть уступлены в пользу АО "ФНБ "Самрук-Қазына" путем заключения между АО "ФНБ "Самрук-Қазына" и ФРП "ДАМУ" соответствующего договора об отступном и уступке прав требования (цессия) в качестве отступного по его обязательствам перед АО "ФНБ "Самрук-Қазына", предусматривающего сохранение за ФРП "ДАМУ" функций по осуществлению мониторинга освоения и целевого использования БВУ размещаемых денежных средств.";
      в Плане рекомендуемых мероприятий по реализации Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в раздел 1 "Обеспечение дальнейшего устойчивого кредитования проектов малого и (или) среднего бизнеса";
      в строке, порядковый номер 5, цифру "5" заменить цифрой "5*";
      перед примечанием дополнить сноской * следующего содержания:
      "* - права требования АО "ФРП "ДАМУ" к БВУ по договорам, заключенным между АО "ФРП "ДАМУ" и БВУ, по решению Правления АО "ФНБ "Самрук-Қазына" могут быть уступлены в пользу АО "ФНБ "Самрук-Қазына" путем заключения между АО "ФНБ "Самрук-Қазына" и АО "ФРП "ДАМУ" соответствующего договора об отступном и уступке прав требования (цессия) в качестве отступного по его обязательствам перед АО "ФНБ "Самрук-Қазына".";
      Примечание. Расшифровка аббревиатур: дополнить строкой следующего содержания:
      "АО "ФНБ "Самрук-Қазына" - акционерное общество "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 января 2009 года № 6 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009 - 2010 годы":
      в Плане мероприятий по реализации Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе "IV. Поддержка малого и среднего бизнеса, организаций по переработке сельскохозяйственной продукции и производству продуктов питания":
      в строке, порядковый номер 1, после слов "через АО "ФРП "Даму"" дополнить словами: ", при этом права требования АО "ФРП "Даму" к БВУ по договорам, заключенным между АО "ФРП "Даму" и БВУ, по решению Правления АО "ФНБ "Самрук-Қазына" могут быть уступлены в пользу АО "ФНБ "Самрук-Қазына" путем заключения между АО "ФНБ "Самрук-Қазына" и АО "ФРП "Даму" соответствующего договора об отступном и уступке прав требования (цессия) в качестве отступного по его обязательствам перед АО "ФНБ "Самрук-Қазына", предусматривающего сохранение за АО "ФРП "ДАМУ" функций по осуществлению мониторинга освоения и целевого использования БВУ размещаемых денежных средств";
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1236 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
      2-тармақта:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ЕДБ-нің филиалдық желісі мен өзге де қаржы ұйымдары арқылы орналастырылатын «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - «ДАМУ» КДҚ) қаражат бөлетін болады, бұл ретте «ДАМУ» КДҚ мен ЕДБ арасында жасалған шарттар бойынша «ДАМУ» КДҚ-ның ЕДБ-ге қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы оның міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Даму» КДҚ» АҚ арасында орналастырылатын ақша құралдарын ЕДБ-ның игеруі мен мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыру жөнінде қызметтерді «ДАМУ» КДҚ-ға қалдыруды көздейтін талап ету құқықтарын қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт (цессия) жасасу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пайдасына берілуі мүмкін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру бойынша ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
      «Шағын және (немесе) орта бизнестің жобаларына тұрақты кредит беруді одан әрі қамтамасыз ету» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жолдағы «5» деген сан «5*» деген санмен ауыстырылсын;
      ескертпенің алдынан мынадай мазмұндағы * сілтемемен толықтырылсын:
      «* - «Даму» КДҚ» АҚ-ның «Даму» КДҚ» АҚ және ЕДБ арасында жасалған шарттар бойынша ЕДБ-ға қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Даму» КДҚ» АҚ арасында қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт жасасу жолымен (цессия) оның «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - пайдасына берілуі мүмкін.»;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы»;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «IV. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жолда «беріледі» деген сөзден кейін «бұл ретте «Даму» КДҚ мен ЕДБ арасындағы жасалған шарттар бойынша «Даму» КДҚ-ның ЕДБ-ге қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы оның міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ДАМУ» КДҚ» АҚ арасында орналастырылатын ақша қаражатын ЕДБ-ның игеруі мен мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыру жөнінде қызметтерді «Даму» КДҚ» АҚ-ға қалдыруды көздейтін талап ету құқықтарын қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт (цессия) жасасу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның пайдасына берілуі мүмкін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов