О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Палестина о предоставлении в безвозмездное пользование офисного помещения в городе Астане для нужд Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2010 года № 836

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Палестина о предоставлении в безвозмездное пользование офисного помещения в городе Астане для нужд Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан.
      2. Уполномочить ответственного секретаря Министерства иностранных дел Республики Казахстан Жошыбаева Рапиля Сейтхановича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Палестина о предоставлении в безвозмездное пользование офисного помещения в городе Астане для нужд Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен           
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 августа 2010 года № 836

проект     

Соглашение
между Правительством Республики Казахстан и Правительством
Государства Палестина о предоставлении в безвозмездное
пользование офисного помещения в городе Астане для нужд
Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан

(Официальный сайт МИД РК - Вступило в силу 19 апреля 2011 года)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Государства Палестина, именуемые в дальнейшем "Стороны",
      в целях обеспечения надлежащих условий пребывания и работы Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Казахстанская Сторона передает в безвозмездное пользование сроком на 3 года Посольству Государства Палестина офисное помещение и прилегающий территории, расположенные в городе Астане.

Статья 2

      Офисное помещение и прилегающий территории, указанные в статье 1 настоящего Соглашения и именуемые в дальнейшем "Помещение", передается палестинской Стороне в целях использования для нужд Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан.

Статья 3

      Помещение освобождается от всех видов налогов и сборов, взимаемых в Республике Казахстан.

Статья 4

      Все затраты, связанные с выполнением капитального и текущего ремонтов Помещения, палестинская Сторона осуществляет за свой счет и несет полную ответственность за целостность, сохранность и исправное состояние всего встроенного технического оборудования здания и прилегающих территорий, а также самостоятельно оплачивает услуги телефонной связи и интернет согласно счетов, выставляемых поставщиками услуг.
      Казахстанская Сторона обязуется производить оплату за электроэнергию, теплоснабжение, водоснабжение и канализацию на основании показаний счетчиков, либо по установленной ежемесячной норме.

Статья 5

      Фактическая передача Помещения для нужд Посольства Государства Палестина в Республике Казахстан производится путем подписания соответствующими лицами актов приема-передачи.
      Казахстанская Сторона обязуется передать палестинской Стороне всю необходимую документацию в отношении передаваемого помещения.
      Казахстанская Сторона обязуется произвести фактическую передачу помещения в том состоянии, в котором оно находится на момент подписания настоящего Соглашения.

Статья 6

      По взаимной договоренности Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения и дополнения, являющиеся неотъемлемыми частями настоящего Соглашения и оформляемые отдельными протоколами.

Статья 7

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящее Соглашение заключается сроком на три (3) года и его действие автоматически прекращается, если ни одна из Сторон письменно не уведомит по дипломатическим каналам другую Сторону о своем намерении продлить его действие в срок, не позднее шести (6) месяцев до истечения текущего периода.

      Совершено в городе __________ "___" __________2010 года в двух экземплярах, каждый на казахском, арабском и английском языках, причем все тексты имеют одинаковую юридическую силу.
      В случае возникновения разногласий в толковании положений настоящего Соглашения Стороны обращаются к тексту на английском языке.

      За Правительство                          За Правительство
      Республики Казахстан                      Государства Палестина

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 тамыздағы № 836 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 25 тамыздағы
№ 835 қаулысымен 
мақұлданған  

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің
Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан
Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана
қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы
келісім

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі,
      Палестина Мемлекеті Елшілігінің Қазақстан Республикасында болуына және жұмысына тиісінше жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Тарапы Астана қаласында орналасқан офистік үй-жайды және оның іргелес аумақтарын Палестина Мемлекетінің Елшілігіне 3 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді.

2-бап

      Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген және бұдан әрі «Үй-жай» деп аталатын офистік үй-жай және оның іргелес аумақтары Палестина Тарапына Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану мақсатында беріледі.

3-бап

      Үй-жай Қазақстан Республикасында алынатын салықтар мен алымдардың барлық түрлерінен босатылады.

4-бап

      Үй-жайды күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты барлық шығындарды Палестина Тарапы өз есебінен жүзеге асырады және ғимараттың бекітіліп орнатылған барлық техникалық жабдықтарының және іргелес аумақтардың тұтастығы, сақталуы және жарамды жай-күйі үшін толық жауаптылықта болады, сондай-ақ қызметтерді жеткізушілер беретін шоттарға сәйкес телефон байланысы мен интернет қызметтеріне өзі ақы төлейді.
      Қазақстан Тарапы санауыш көрсеткіштерінің негізінде немесе белгіленген айлық норма бойынша электр энергиясы, жылумен, сумен қамту және кәріз үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.

5-бап

      Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін үй-жайды іс жүзінде беру тиісті тұлғалардың қабылдау беру актілеріне қол қоюы арқылы жүргізіледі.
      Қазақстан Тарапы берілетін үй-жайға қатысты барлық қажетті құжаттаманы Палестина Тарапына беруге міндеттенеді.
      Қазақстан Тарапы үй-жайды осы Келісімге қол қою сәтінде болған жай-күйінде іс жүзінде беруге міндеттенеді.

6-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім үш (3) жыл мерзімге жасалады және Тараптардың бірде-бірі ағымдағы кезең аяқталғанға дейін алты (6) айдан кешіктірмей оның қолданысын ұзарту жөніндегі өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      2010 жылғы «_____» ________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының                Палестина Мемлекетінің
             Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін