О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2010 года № 974

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания", а также в целях обеспечения сохранности маточного поголовья крупного рогатого скота в областях, пострадавших от засухи, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан из резерва Правительства Республики, предусмотренного в республиканском бюджете на 2010 год на неотложные затраты, средства в сумме 1560627000 (один миллиард пятьсот шестьдесят миллионов шестьсот двадцать семь тысяч) тенге для перечисления акиматам Акмолинской, Актюбинской, Западно-Казахстанской и Костанайской областей в виде целевых текущих трансфертов для частичного возмещения (до 45 %) затрат на содержание маточного поголовья (коров) в сельхозформированиях (сельскохозяйственные предприятия, крестьянские (фермерские) хозяйства) на период зимовки 2010 - 2011 годов (с октября 2010 года по апрель 2011 года), из них:
      по Акмолинской области - 314237000 (триста четырнадцать миллионов двести тридцать семь тысяч) тенге;
      по Актюбинской области - 272842000 (двести семьдесят два миллиона восемьсот сорок две тысячи) тенге;
      по Западно-Казахстанской области - 392091000 (триста девяносто два миллиона девяносто одна тясяча) тенге;
      по Костанайской области - 581457000 (пятьсот восемьдесят один миллион четыреста пятьдесять семь тысяч) тенге.
      2. Выплату средств, указанных в пункте 1 настоящего постановления, осуществлять:
      1) согласно нормативам затрат на содержание одной головы (коровы) в период зимовки, утверждаемым решениями акимов областей, на основании разработанных товариществом с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт экономики агропромышленного комплекса и развития сельских территорий" нормативов затрат на содержание одной головы животных;
      2) на основании документов (для сельхозтоваропроизводителей в форме юридических лиц - выписка из формы 24-сх статитической отчетности, а в форме физических лиц - выписка из похозяйственней книги), представляемых сельхозтоваропроизводителями в акиматы областей, о фактическом наличии поголовья, входящего в зимовку по состоянию на 1 октября 2010 года, и подтверждаемого межведомственными комиссиями, создаваемыми решениями акимов областей.
      3. Акимам Акмолинской, Актюбинской, Западно-Казахстанской и Костанайской областей:
      1) создать межведомственные комиссии по рассмотрению материалов, представляемых сельхозтоваропроизводителями, о частичном возмещении затрат на содержание маточного поголовья (коров);
      2) утвердить нормативы затрат на содержание одной головы маточного поголовья (коров) на период зимовки;
      3) в срок до 20 декабря 2010 года представить в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан отчет по целевому использованию выделенных средств;
      4) принять меры по успешному проведению зимовки скота и обеспечению сохранности маточного поголовья крупного рогатого скота.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 974 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес, сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ірі қара малдың аналық басын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2010 - 2011 жылдардың қыстау кезеңіне (2010 жылғы қазаннан 2010 жылғы сәуір аралығы) ауыл шаруашылығы құрылымдарында (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары) аналық малды (сиырларды) ұстауға жұмсалатын шығындарды ішінара (45 %-ға дейін) өтеу үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктеріне аудару үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 1560627000 (бір миллиард бес жүз алпыс миллион алты жүз жиырма жеті мың) теңге сомада қаражат бөлінсін, оның ішінде:
      Ақмола облысы бойынша - 314237000 (үш жүз он төрт миллион екі жүз отыз жеті мың) теңге;
      Ақтөбе облысы бойынша - 272842000 (екі жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз қырық екі мың) теңге;
      Батыс Қазақстан облысы бойынша - 392091000 (үш жүз тоқсан екі миллион тоқсан бір мың) теңге;
      Қостанай облысы бойынша - 581457000 (бес жүз сексен бір миллион төрт жүз елу жеті мың) теңге.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаражатты төлеуді:
      1) «Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген малдың бір басын ұстауға арналған шығындар нормативтері негізінде облыстар әкімдерінің шешімдерімен бекітілетін қыстау кезеңінде бір бас малды (сиырды) ұстауға арналған шығындар нормативтеріне сәйкес;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер облыстардың әкімдіктеріне ұсынатын, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қыстауға кіретін нақты мал басының болуы туралы және облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылатын ведомствоаралық комиссиялар растайтын құжаттардың (заңды тұлға нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін - 24 а/ш статистикалық есептілік нысанынан үзінді көшірме, ал жеке тұлға нысанындағылары үшін - шаруашылық кітабынан үзінді көшірме) негізінде жүзеге асырсын.
      3. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері:
      1) аналық мал басын (сиырларды) ұстауға арналған шығындарды ішінара өтеу туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер беретін материалдарды қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын;
      2) қыстау кезеңіне аналық малдың (сиырлардың) бір басын ұстауға арналған шығындар нормативін бекітсін;
      3) 2010 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін;
      4) мал қыстауын табысты өткізу және ірі қара малдың аналық басын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов