Об утверждении Правил проведения аттестации государственных организаций культуры

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2011 года № 127.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 20-1 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации государственных организаций культуры.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 февраля 2011 года № 127

Правила
проведения аттестации государственных организаций культуры
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации государственных организаций культуры разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 20-1 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" и определяют порядок проведения аттестации государственных организаций культуры.

      2. Аттестация государственных организаций культуры (далее - аттестация организаций) проводится для оценки эффективности их основной деятельности и рационального использования материальных, трудовых и финансовых источников, упорядочения на этой основе их сети и структуры.

      3. Аттестацию организаций проводит:

      1) республиканского значения - уполномоченный орган в области культуры;

      2) местного значения - местные исполнительные органы области, города республиканского значения, столицы, района, города областного значения (далее - местный исполнительный орган).

      Для проведения аттестации организаций уполномоченным органом в области культуры и местным исполнительным органом (далее - государственный орган) создается аттестационная комиссия (далее - Комиссия).

      4. Состав и положение Комиссии утверждается соответствующим государственным органом.

      4-1. Комиссия прекращает свою деятельность на основании решения государственного органа.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 08.11.2013 № 1184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

2. Порядок проведения аттестации организаций

      5. При аттестации организаций, осуществляемой по их профилю деятельности, оценке подвергаются следующие показатели:

      1) производственно-творческая и финансовая деятельность организации:

      функционирование организации в соответствии с уставом (положением);

      осуществление сотрудничества с организациями по сфере деятельности;

      периодическая подготовка и повышение квалификации работников организации;

      рациональное использование материальных, трудовых и финансовых источников;

      2) административно-управленческая деятельность организации:

      профессиональный состав работников организации;

      сведения о результатах проведенной аттестации работников государственных организаций культуры;

      3) материально-техническая обеспеченность организации:

      акты состояния материальной базы организации;

      функционирование технических средств организации.

      6. График проведения аттестации организаций (далее - график) утверждается государственным органом до 15 января на текущий календарный год и доводится до сведения организаций не позднее, чем за три месяца до проведения аттестации.

      7. Организации, которые подлежат аттестации в соответствии с графиком, не позднее месячного срока до начала аттестации, представляют в государственный орган следующие документы:

      1) справку о результатах производственно-творческой и финансовой деятельности организации (аналитическая справка и финансовый отчет);

      2) копии документов об административно-управленческой деятельности организации (приказы, договора);

      3) справку о профессиональном составе работников организации с указанием фамилии, имени, отчества, специальности по диплому, стажа работы (в том числе в данной организации), а также сведений по повышению квалификации и сведения о прохождении аттестации;

      4) справку о материально-технической обеспеченности организации.

      Документы подписываются первым руководителем организации, либо лицом, исполняющим его обязанности, и скрепляются печатью.

      8. Все государственные организации культуры раз в пять лет подлежат аттестации.

      9. Комиссия проводит аттестацию организаций в соответствии с графиком в течение семи рабочих дней для каждой организации на основании документов, представленных государственным органом.

      10. По результатам аттестации организаций оформляется положительное или отрицательное заключение, которое подписывается членами Комиссии и в течение двух рабочих дней направляется государственному органу.

      11. Заключение Комиссии носит рекомендательный характер.

      12. Основанием для отрицательного заключения Комиссии о неаттестации организации является:

      1) невыполнение плана производственно-творческой деятельности организации на соответствующий год;

      2) несоблюдение законодательства Республики Казахстан и устава (положения) при осуществлении административно-управленческой и финансовой деятельности;

      3) установление профессионального несоответствия в составе работников;

      4) определение неудовлетворительного состояния материально-технической обеспеченности организации.

      13. Со дня получения заключения Комиссии, государственный орган в срок, не превышающий пятнадцать рабочих дней, принимает решение:

      1) при положительном заключении - "аттестовать";

      2) при отрицательном заключении - "не аттестовать".

      14. Организация, не прошедшая аттестацию подлежит повторной аттестации. В течении шести месяцев со дня принятия решения государственным органом, организация устраняет выявленные недостатки, согласно заключения Комиссии.

      15. Повторная аттестация проводится по истечении шести месяцев со дня проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами.

      16. Решение "аттестовать" организацию принимается государственным органом в случае положительного заключения Комиссии по устраненным недостаткам организацией.

      17. В случае неустранения недостатков организацией, Комиссия оформляет повторное отрицательное заключение и вносит в государственный орган предложение о привлечении руководителя к дисциплинарной ответственности за неисполнение или ненадлежащие исполнение возложенных на него трудовых обязанностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Государственный орган на основании предложения Комиссии принимает соответствующее решение в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      19. Неаттестованная организация подлежит очередной аттестации по истечении одного года со дня принятия решения государственным органом о непрохождении повторной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами.

      19-1. Не аттестованные государственным органом организации вправе обжаловать решение о неаттестации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 19-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 08.11.2013 № 1184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      19-2. Информация об аттестованных и неаттестованных организациях размещается на интернет-ресурсе соответствующего государственного органа.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 19-2 в соответствии с постановлением Правительства РК от 08.11.2013 № 1184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

3. Заключительные положения

      Сноска. Раздел 3 исключен постановлением Правительства РК от 08.11.2013 № 1184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 Қаулысы.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын

      аттестаттауды жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он

      күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 127 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау (бұдан әрі - ұйымдарды аттестаттау) олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін өткізіледі.

      3. Ұйымдарды аттестаттауды:

      1) республикалық маңызы бар ұйымдарды - мәдениет саласындағы уәкілетті орган;

      2) жергілікті маңызы бар ұйымдарды - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өткізеді.

      Ұйымдарды аттестаттауды өткізу үшін мәдениет саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі — мемлекеттік орган) аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      4. Комиссияның құрамы мен ережесін тиісті мемлекеттік орган бекітеді.

      4-1. Комиссия өз қызметін мемлекеттік орган шешімінің негізінде тоқтатады.

      Ескерту. 1-бөлім 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Ұйымдарды аттестаттауды жүргізу тәртібі

      5. Ұйымдарды олардың саласы бойынша жүзеге асырылатын аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер бағаланады:

      1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметі:

      ұйымның жарғыға (ережеге) сәйкес қызмет етуі;

      қызмет саласы бойынша ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруы;

      ұйым қызметкерлерінің кезеңдік дайындығы мен біліктілігін арттыру;

      материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану;

      2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі:

      ұйым қызметкерлерінің кәсіби құрамы;

      мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер;

      3) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі:

      ұйымның материалдық базасының жай-күйі актілер;

      ұйымның техникалық жабдықтарының жұмыс істеуі.

      6. Ұйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін (бұдан әрі - кесте)

      мемлекеттік орган 15 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттауды өткізуге дейін үш айдан кешіктірмей ұйымдардың назарына жеткізеді.

      7. Кестеге сәйкес аттестатталуға тиіс ұйымдар аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы анықтама (талдау анықтамасы және қаржылық есеп);

      2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі туралы құжаттардың көшірмелері (бұйрықтар, шарттар);

      3) ұйым қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты, диплом бойынша мамандығы, жалпы еңбек өтілі (соның ішінде осы ұйымдағы), сондай-ақ біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өтуі жөніндегі мәліметтер көрсетілген кәсіби құрамы туралы анықтама;

      4) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы анықтама.

      Құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және мөрмен бекітеді.

      8. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттаудан өткізіледі.

      9. Мемлекеттік орган ұсынған құжаттар негізінде Комиссия ұйымдарды аттестаттауды кестеге сәйкес әрбір ұйым үшін жеті жұмыс күні ішінде өткізеді.

      10. Ұйымдарды аттестаттау нәтижелері бойынша екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік органға жолданатын және Комиссия мүшелері қол қойған оң немесе теріс қорытынды ресімделеді.

      11. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатқа ие.

      12. Комиссияның ұйымды аттестаттамау туралы теріс қорытындысына мыналар негіз болады:

      1) ұйымның тиісті жылға арналған өндірістік-шығармашылық жоспарды орындамауы;

      2) әкімшілік-басқару және қаржы қызметін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және ұйымның жарғысын (ережесін) сақтамауы;

      3) қызметкерлер құрамындағы кәсіптік сәйкессіздіктің анықталуы;

      4) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің қанағаттанғысыз жағдайының анықталуы.

      13. Мемлекеттік орган Комиссияның шешімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) оң қорытынды болған жағдайда - "аттестаттау";

      2) теріс қорытынды болған жағдайда - "аттестаттамау" туралы шешім қабылдайды.

      14. Аттестаттаудан өтпеген ұйым қайта аттестатталуға жатады.

      Комиссияның қорытындысына сәйкес анықталған кемшіліктерді ұйым мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде жояды.

      15. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен өткізіледі.

      16. "Аттестатталсын" деген шешімді ұйымның кемшіліктерді жоюы бойынша Комиссияның оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік орган қабылдайды.

      17. Ұйым кемшіліктерді жоймаған жағдайда Комиссия қайтадан теріс қорытынды ресімдейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін басшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.

      18. Мемлекеттік орган Комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстан

      Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті шешім

      қабылдайды.

      19. Аттестатталмаған ұйым мемлекеттік органның қайта аттестаттаудан өтпегені туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен кезекті аттестатталуға жатады.

      19-1. Мемлекеттік орган аттестаттамаған ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталмағаны туралы шешімге шағым беруге құқылы.

      Ескерту. 2-бөлім 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19-2. Аттестатталған және аттестатталмаған ұйымдар туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 2-бөлім 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).