Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о сотрудничестве в области науки и техники

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2011 года № 773

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о сотрудничестве в области науки и техники, подписанное в городе Анкара 22 октября 2009 года.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

      Примечание РЦПИ!
      Текст Соглашения в РЦПИ не поступал.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 773 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім

(2013 жылғы 10 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., N 4, 36-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі
      ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтудың негізгі жолдарының бірі және аса маңызды факторы болып табылады деп пайымдай отырып,
      ұлттық экономикаларының дамуында ғылым мен техниканың маңыздылығын түсіне отырып;
      теңдік, өзара тиімділік пен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген өзара ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар осы Келісімнің шарттарына және Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара тиімді екі жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға белсенді қолдау көрсетеді.

2-бап

      Тараптардың ғылым мен техника саласындағы ұлттық саясаттарына сәйкес және Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ғылыми-техникалық мекемелері ұсынған мәліметтерді ескере отырып ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды.

3-бап

      Осы Келісімнің шеңберіндегі ынтымақтастық келесідей нысандарда жүзеге асырылады:
      - зерттеу нәтижелері мен ғалымдар, ғылыми мамандар және сарапшылар алмасуды қоса алғанда бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды орындау;
      - бірлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, курстар және семинарларын ұйымдастыру және қатысу;
      - ғылыми-техникалық ақпараттар және құжаттармен өзара алмасу;
      - ғылыми-зерттеу жабдықтарын бірлесіп пайдалану;
      - үшінші елдердің ғылыми ұйымдарымен байланыс орнатуға ықпал ету.

4-бап

      Ғылыми-техникалық зерттеулер, «ноу-хауды» қоса алғандағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен, білім, тәжірибе және ақпаратпен алмасу осы Келісімге және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес, әрбір нақты жағдайда Тараптардың тиісті мекемелері арасындағы жекелеген келісімдер мен хаттамаларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
      Осы Келісім негізінде қол қойылған Келісімдер мен хаттамалар бірлескен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану тәртібін, қаржы әдістемесі мен шарттарды және ғылыми-зерттеу техникалық жұмысын айқындайды.

5-бап

      Егер Тараптар арасында кері келісім болмаған жағдайда сарапшылар, ғалымдар және өзге де зерттеушілер делегациясымен өзара алмасу кезінде көлік, тұру және басқа да барлық шығыстар, толығымен жіберуші Тарапқа жүктеледі.

6-бап

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Түркия Республикасының Ғылым және техника жөніндегі кеңесі (TUBITAK) Тараптардың осы Келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ететін уәкілетті органдары болып табылады.

7-бап

      Тараптар осы Келісімді іске асыру мақсатында әрбір Тарап өздері тағайындаған саны бірдей өкілдерден тұратын Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссияның міндеттері:
      - ынтымақтастық салалары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы органдарынан алынған ақпараттар арқылы ғылым мен техника саласындағы ұлттық саясат негізінде айқындалады;
      - осы Келісім негізінде бағдарламалар мен хаттамаларды дайындау;
      - осы Келісімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      - бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға ықпал ету;
      - екі-жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасуды көтермелеу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ұсыныстарды бағалау.
      Комиссия өз отырыстарын Тарап мемлекеттерде екі жылда бір рет кезекпен өткізеді. Комиссия өз қызметін хат алмасу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

8-бап

      Осы Келісімнің талқылауы мен қолдануына қатысты келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.

9-бап

      Осы Келісім мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтар және міндеттемелерге ықпал етпейді.

10-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке Хаттама арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Хаттама осы Келісімнің 11-бабында қарастырылған тәртіп бойынша күшіне енді.

11-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың біреуі өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы ағымдағы кезеңнің аяқталуына дейін 6 (алты) ай бұрын жазбаша хабарлама жолдамаса, автоматты түрде әрбір келесі 1 (бір) жылға ұзартылады.
      Осы Келісімнің қолданысын тоқтатуды жүзеге асыру оның қолданыстағы кезеңінде басталған және қолданылуын тоқтату сәтіне дейін аяқталмаған бағдарламалар мен жобалар бойынша Тараптар міндеттемелерін қозғамайды.
      2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, түрік тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан                                  Түркия
   Республикасының                            Республикасының
     Үкіметі үшін                               Үкіметі үшін

      2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында қол қойылған Қазақстан Республиксының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                                Б.Пискорский

      РҚАО-ның ескертуі. Келісімнің түрік тіліндегі мәтіні берілген.