Об утверждении требований к оформлению концепции создания специальной экономической зоны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2011 года № 1190. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 941

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2015 № 941 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 27.02.2015 г. № 222.


      В соответствии с пунктом 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2011 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые требования к оформлению концепции создания специальной экономической зоны.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 18 октября 2011 года № 1190

Требования к оформлению концепции создания специальной
экономической зоны

1. Общие положения

      1. Настоящие Требования к оформлению концепции создания специальной экономической зоны разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2011 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" и используются при разработке концепции создания специальной экономической зоны (далее - СЭЗ) центральными или местными исполнительными органами, юридическими лицами, заинтересованными в создании СЭЗ.
      2. Оформление концепции создания СЭЗ должно соответствовать следующим требованиям: содержать такие сведения, как цели создания, место расположения, приоритетные виды деятельности, информацию о потенциальных участниках СЭЗ, анализ текущей экономической ситуации соответствующего региона и прогнозируемый эффект на экономику от создания СЭЗ.

2. Структура концепции

      3. Структура концепции создания СЭЗ содержит следующие разделы:
      1) введение;
      2) географическое размещение СЭЗ;
      3) цели и задачи создания СЭЗ;
      4) анализ текущей экономической ситуации региона и мировой экономики;
      5) приоритетные виды деятельности СЭЗ;
      6) потенциальные участники СЭЗ;
      7) позитивный эффект на региональную экономику от создания СЭЗ.
      4. В разделе "Введение" описываются наименование СЭЗ и основание ее создания.
      5. В разделе "Географическое размещение СЭЗ" отражаются площадь, месторасположение и картографические схемы, характеризующие положение земельных участков, на которых планируется создание СЭЗ, в масштабе 1:20000 и 1:100000.
      6. В разделе "Цели и задачи создания СЭЗ" отражаются цели и задачи создаваемой СЭЗ, увязанные с географическим положением СЭЗ, имеющимися природными и трудовыми ресурсами, возможными интересами иностранных инвесторов и другими необходимыми для развития СЭЗ экономическими, социальными и географическими факторами.
      7. В разделе "Анализ текущей экономической ситуации региона и мировой экономики" отражаются:
      основные социально-экономические особенности региона, в котором предполагается создание СЭЗ;
      обеспеченность инфраструктурой, инвестиционные составляющие и другие показатели, характеризующие предполагаемое месторасположение СЭЗ;
      анализ текущего состояния отраслей региона по приоритетным видам деятельности;
      анализ текущего состояния мировой экономики с увязкой к приоритетным видам деятельности создаваемой СЭЗ;
      основные предпосылки размещения СЭЗ и конкурентные географические и экономические преимущества региона.
      8. В разделе "Приоритетные виды деятельности СЭЗ" указываются основные виды деятельности, отвечающие целям создания СЭЗ, которые будут осуществляться на территории СЭЗ.
      В данном разделе приводятся конкретные обоснования целесообразности осуществления той или иной деятельности на территории СЭЗ.
      9. В разделе "Потенциальные участники СЭЗ" указываются организационно-правовые формы организации, претендующие на осуществление деятельности на территории СЭЗ, а также наличие собственного производства, опыта работы по приоритетным видам деятельности.
      10. В разделе "Позитивный эффект на региональную экономику от создания СЭЗ" излагаются предполагаемые результаты функционирования СЭЗ.
      Данные результаты излагаются исходя из результатов достижения целей создания СЭЗ и особенностей региона, на территории которого предполагается создать СЭЗ.

Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 1190 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 222 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 1190 қаулысымен 
бекітілген     

Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі - АЭА) құру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде АЭА құруға мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар пайдаланылады.
      2. АЭА құру тұжырымдамасын ресімдеу мына талаптарға сәйкес болуы тиіс: құру мақсатының мазмұны, орналасқан жері, қызметінің басым түрлері, АЭА-ның әлеуетті қатысушылары туралы ақпарат, тиісті өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және АЭА құрудың экономикаға болжамды әсерін талдау сияқты мәліметтерді қамтиды.

2. Тұжырымдаманың құрылымы

      3. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) кіріспе;
      2) АЭА-ның географиялық орналасуы;
      3) АЭА құру мақсаттары мен міндеттері;
      4) өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау;
      5) АЭА қызметінің басым түрлері;
      6) АЭА-ға әлеуетті қатысушылар;
      7) АЭА құрудың өңір экономикасына позитивті әсері.
      4. «Кіріспе» деген бөлімде АЭА-ның атауы мен АЭА құру негіздемесі сипатталады.
      5. «АЭА-ның географиялық орналасуы» деген бөлімде орналасқан жердің алаңы және 1:20000 және 1:100000 ауқымда АЭА құру жоспарланатын жер учаскелерінің жағдайын сипаттайтын картографиялық схемалар көрініс табады.
      6. «АЭА құру мақсаттары мен міндеттері» деген бөлімде АЭА-ның географиялық жағдайымен, қолда бар табиғи және еңбек ресурстарымен, шетелдік инвесторлардың ықтимал мүдделерімен және АЭА-ны дамыту үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және географиялық факторлармен байланыстырылған, құрылатын АЭА-ның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.
      7. «Өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
      АЭА құру болжанған өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері;
      инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгендігі, инвестициялық құрамдас бөліктері және АЭА-ның болжамды орналасатын жерін сипаттайтын өзге де көрсеткіштері;
      басым қызмет түрлері бойынша өңір саласының ағымдағы жай-күйін талдау;
      құрылатын АЭА қызметінің басым түрлерімен байланыстыра отырып, әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйін талдау;
      АЭА-ны орналастырудың негізгі алғышарттары мен өңірдің бәсекелестік географиялық және экономикалық артықшылықтары.
      8. «АЭА қызметінің басым түрлері» деген бөлімде АЭА аумағында жүзеге асырылатын АЭА-ны құру мақсаттарына сай келетін қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі.
      Бұл бөлімде АЭА аумағындағы осы немесе өзге де қызметті жүзеге асыру орындылығының нақты негіздемелері келтіріледі.
      9. «АЭА-ның әлеуетті қатысушылары» деген бөлімде АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ меншікті өндірісінің, қызметтің басым түрлері бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы көрсетіледі.
      10. «АЭА құрудың өңір экономикасына позитивті әсері» деген бөлімде АЭА-ның жұмыс істеуінің болжамды нәтижелері жазылады.
      Бұл нәтижелер АЭА құру мақсатына қол жеткізу нәтижелері және АЭА құру болжанған аумақтағы өңірдің ерекшелігі негізге алына отырып, жазылады.