О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2011 года № 1360

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205) следующие изменения и дополнение:
      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 11:
      подпункт 40) изложить в следующей редакции:
      "40) регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих, и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации;";
      подпункт 41) исключить;
      подпункт 57) изложить в следующей редакции:
      "57) назначение и отстранение (освобождение) реабилитационного, конкурсного управляющих и администратора внешнего наблюдения;";
      подпункт 66) изложить в следующей редакции:
      "66) принятие решения о включении в реестры на осуществление деятельности в сфере таможенного дела;";
      подпункт 158) изложить в следующей редакции:
      "158) установление порядка назначения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения;";
      дополнить подпунктом 158-1) следующего содержания:
      "158-1) установление форм заявлений на регистрацию, снятие с регистрации, внесение изменений в данные зарегистрированного лица, а также формы подтверждения и отказа в регистрации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О банкротстве";";
      подпункт 184) исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания, за исключением абзацев четвертого, пятого, седьмого, восьмого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого и четырнадцатого пункта 1, которые вводятся в действие с 30 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1360 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;»;
      41) тармақша алып тасталсын;
      57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «57) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);»;
      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «66) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;»;
      158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «158) оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін белгілеу;»;
      мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «158-1) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;»;
      184) тармақша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов