Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2011 года № 1503. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2013 года № 799

      Сноска. Постановление утратило силу постановлением Правительства РК от 06.08.2013 № 799 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 15-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 8 декабря 2011 года № 1503

Правила
отбора государственных услуг, подлежащих оказанию
через центры обслуживания населения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3-1 статьи 15-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и определяют порядок отбора государственных услуг для оказания через центры обслуживания населения (далее - ЦОН).
      2. Увеличение количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН, осуществляется в целях повышения качества и доступности государственных услуг.
      3. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
      1) социально значимая услуга - государственная услуга, направленная на обеспечение социально-экономических прав физических и (или) юридических лиц;
      2) уполномоченный орган в сфере информатизации - государственный орган, осуществляющий руководство в сфере информатизации и "электронного правительства";
      3) межведомственная комиссия - межведомственная комиссия при уполномоченном органе в сфере информатизации по отбору государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, положение и состав которой утверждается приказом уполномоченного органа в сфере информатизации на основании предложений и кандидатур, представленных государственными органами и общественными организациями;
      4) реестр государственных услуг - Реестр государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам, утверждаемый Правительством Республики Казахстан.

2. Порядок отбора государственных услуг

      4. Отбор государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, осуществляется на основании одного и (или) нескольких следующих критериев:
      1) социально значимые услуги;
      2) услуги, носящие информационный характер (выдача справок и иных информационных документов);
      3) услуги, связанные с выдачей дубликата документа;
      4) услуги, связанные с выдачей лицензии и иных разрешительных документов.
      5. Государственные органы ежегодно не позднее 1 февраля представляют в уполномоченный орган в сфере информатизации предложения по увеличению количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН, по критериям, указанным в пункте 4 настоящих Правил.
      6. Уполномоченный орган в сфере информатизации ежегодно не позднее 20 февраля, на основе анализа государственных услуг, формирует перечень государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, (далее - перечень) по критериям, указанным в пункте 4 настоящих Правил, для рассмотрения на межведомственной комиссии.
      7. Уполномоченный орган в сфере информатизации ежегодно не позднее 20 марта вносит перечень на рассмотрение межведомственной комиссии.
      8. Межведомственная комиссия по итогам рассмотрения перечня выносит положительное или отрицательное заключение о целесообразности оказания государственной услуги через ЦОН.
      9. Уполномоченный орган в сфере информатизации после вынесения межведомственной комиссией положительного заключения не позднее 10 мая направляет вышеназванный перечень в адрес уполномоченного органа по формированию и ведению реестра государственных услуг (далее - уполномоченный орган).
      Уполномоченный орган ежегодно не позднее 1 июля на основе перечня, представленного уполномоченным органом в сфере информатизации, разрабатывает и вносит в установленном законодательством порядке в Правительство Республики Казахстан проект постановления Правительства Республики Казахстан, предусматривающий внесение соответствующих изменений и дополнений в реестр государственных услуг.
      10. Уполномоченный орган в сфере информатизации и государственные органы в шестимесячный срок после внесения изменений и дополнений в реестр государственных услуг принимают меры по организации оказания государственных услуг в ЦОН с дальнейшим внесением изменений в стандарты государственных услуг и иные нормативные правовые акты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.08.2013 № 799 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1503 қаулысымен 
бекітілген     

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге
жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.
      2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік қызметтердің сапасын және оған қол жетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) әлеуметтік маңызы бар қызмет - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет;
      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) ведомствоаралық комиссия - ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия, оның ережелері мен құрамы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған ұсыныстар мен кандидатуралардың негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі;
      4) мемлекеттік қызметтердің тізілімі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі.

2. Мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібі

      4. ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады:
      1) әлеуметтік маңызы бар қызметтер;
      2) ақпараттық сипаттағы қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);
      3) құжаттың телнұсқасын берумен байланысты қызмет;
      4) лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты қызметтер.
      5. Мемлекеттік органдар жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру жөнінде ұсыныстар береді.
      6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік қызметтерді талдау негізінде ведомствоаралық комиссияда қарау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады.
      7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
      8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
      9. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия оң қорытынды шығарғаннан кейін 10 мамырдан кешіктірмей жоғарыда аталған тізбені мемлекеттік қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті органның атына (бұдан әрі — уәкілетті орган) жібереді.
      Уәкілетті орган жыл сайын, 1 шілдеден кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған тізбе негізінде мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.
      10. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін алты ай мерзім ішінде ХҚО-да мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бойынша одан әрі мемлекеттік қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып шаралар қабылдайды.