О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2011 года № 1632

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 750 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных» следующие изменения и дополнения:
      в Правилах использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденных указанным постановлением:
      пункты 2 и 5 изложить в следующей редакции:
      «2. Целевые текущие трансферты направлены на покрытие расходов,
связанных с организацией и проведением идентификации сельскохозяйственных животных, и предусматривают:
      1) осуществление закупа услуг на изготовление ветеринарных паспортов для сельскохозяйственных животных (мелкий рогатый скот, лошади, верблюды, свиньи);
      2) осуществление закупа изделий и атрибутов ветеринарного назначения (ушные бирки) для проведения идентификации сельскохозяйственных животных (мелкий рогатый скот, верблюды, свиньи);
      3) осуществление закупа аппарата для проведения идентификации сельскохозяйственных животных (для таврения и биркования);
      4) осуществление закупа сканера для считывания индивидуальных номеров животных и принтера для распечатывания самоклеющихся штрих-кодов.»;
      «5. Организатором государственных закупок услуг на изготовление ветеринарных паспортов для сельскохозяйственных животных (далее - услуги), изделий и атрибутов ветеринарного назначения (ушные бирки), аппарата для проведения идентификации сельскохозяйственных животных, сканера для считывания индивидуальных номеров животных и принтера для распечатывания самоклеющихся штрих-кодов (далее - товар) выступают подразделения местных исполнительных органов областей, городов Астаны и Алматы, осуществляющие деятельность в области ветеринарии.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1632 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларына (ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын (ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын) сатып алуды жүзеге асыру;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат сатып алуды жүзеге асыру;
      4) жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыру.»;
      «5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерін (бұдан әрі - қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аппаратты, жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді, өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтерді (бұдан әрі - тауар) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов