Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 108. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 383

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.05.2015 № 383 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 27) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 19 января 2012 года № 108

Правила
предоставления академических
отпусков обучающимся в организациях образования

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования разработаны с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании».
      2. Академический отпуск – это период, на который обучающиеся в организациях образования (учащиеся, студенты, магистранты, адъюнкты, курсанты, слушатели и докторанты) временно прерывают свое обучение по  медицинским показаниям и в иных исключительных случаях.
      3. При предоставлении академического отпуска лицу, обучающемуся на основе государственного образовательного заказа, право на дальнейшее обучение на основе государственного образовательного заказа сохраняется за ним, и финансирование его обучения прерывается (за исключением финансирования расходов, предусматриваемых на выплату в установленном порядке стипендий обладателям грантов, находящимся в академическом отпуске на основании заключения врачебно-консультативной комиссии в соответствии с пунктом 14 Постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116) на период предоставленного академического отпуска, которое возобновляется после его окончания.
      4. При предоставлении академического отпуска обучающемуся на платной основе оплата за обучение приостанавливается на период академического отпуска.

2. Порядок и сроки предоставления академических отпусков

      5. Для оформления академического отпуска обучающийся подает заявление на имя руководителя организации образования и представляет документы, подтверждающие обоснованность временного прерывания обучения.
      6. Академический отпуск по медицинским показаниям предоставляется обучающемуся на основании:
      1) заключения врачебно-консультативной комиссии при амбулаторно-поликлинической организации (далее – ВКК) продолжительностью от 6 до 12 месяцев по болезни;
      2) заключения Центральной врачебно-консультативной комиссии при противотуберкулезной медицинской организации в случае болезни туберкулезом.
      Академический отпуск может быть предоставлен обучающемуся также на основании:
      1) повестки о призыве в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан на период призыва на воинскую службу, в установленных законодательством случаях;
      2) рождения, усыновления или удочерения ребенка продолжительностью до 3 года, в установленных законодательством случаях;
      3) в иных предусмотренных законодательством случаях.
      7. На основании представленных документов руководитель организации образования в течение трех рабочих дней издает приказ о предоставлении обучающемуся академического отпуска с указанием его сроков начала и окончания.
      8. Руководитель организации образования копию приказа о предоставлении академического отпуска обучающемуся по образовательному гранту, финансируемому из республиканского бюджета, направляет в уполномоченный орган в области образования или соответствующее отраслевое министерство в течение трех рабочих дней, а финансируемому из местного бюджета - в местные исполнительные органы в области образования, для корректировки соответствующей суммы и сроков финансирования данной программы.
      9. После выхода из академического отпуска обучающийся подает заявление на имя руководителя организации образования и представляет  справку ВКК о состоянии здоровья из лечебной организации, наблюдавшей больного, с заключением о возможности продолжения обучения по данной специальности - при нахождении обучающегося в академическом отпуске в связи с болезнью.
      10. Декан факультета (директор института) на основании представленных документов определяет разницу дисциплин в рабочих учебных планах, курс обучения и утверждает индивидуальный учебный план обучающегося по согласованию с офисом Регистратора (академическая служба, занимающаяся регистрацией всей истории учебных достижений обучающегося и обеспечивающая организацию всех видов контроля знаний и расчет его академического рейтинга).
      Курс обучения определяется с учетом пререквизитов по тем же правилам, что и в случае перевода или восстановления обучающихся.
      11. На основании представленных документов руководитель организации образования в течение трех рабочих дней издает приказ о выходе обучающегося из академического отпуска с указанием специальности, курса и группы.
      12. При выходе из академического отпуска обучающегося по государственному образовательному гранту копию данного приказа в течение трех рабочих дней организация образования, финансируемая из республиканского бюджета, направляет в уполномоченный орган в области образования или соответствующее отраслевое министерство, а финансируемая из местного бюджета - направляет  в местные исполнительные органы в области образования, для корректировки соответствующей суммы и сроков финансирования данной программы.
      13. В случае, если дата выхода из академического отпуска или ухода в академический отпуск не совпадает с началом или окончанием академического периода, то обучающийся по индивидуальному графику выполняет все учебные задания и набирает баллы, необходимые для рейтинга допуска, либо записывается в летнем семестре на дисциплины, по которым образовалась разница.
      14. Для ликвидации разницы обучающийся, параллельно с текущими учебными занятиями, в течение академического периода посещает все виды учебных занятий, сдает все виды текущего и рубежного контроля, предусмотренные рабочим учебным планом по данным дисциплинам, получает допуск и сдает итоговый контроль в период промежуточной аттестации обучающихся согласно академическому календарю.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 383 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.05.2015 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 қаңтардағы  
№ 108 қаулысымен     
бекітілген        

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық
демалыс беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Академиялық демалыс - білім беру ұйымдарында білім алушылар (оқушылар, студенттер, магистранттар, адьюнкттар, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар) медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.
      3. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде әрі қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттары иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін көзделген шығыстарды қаржыландырудан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысының 14-тармағына сәйкес) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.
      4. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс берілген кезде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері 

      5. Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және оқуды уақытша үзудің негізділігін растайтын құжаттарды тапсырады.
      6. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай негізде:
      1) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін;
      2) туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.
      Сондай-ақ білім алушыға академиялық демалыс мынадай негіздерде:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда;
      2) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін;
      3) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін.
      7. Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
      8. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті салалық министрлікке үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
      9. Білім алушы академиялық демалыстан келген соң білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және науқасына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқастың қаралған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасын тапсырады.
      10. Факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды, офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және  оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының оқу курсын және жеке оқу жоспарын бекітеді.
      Оқу курсы білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жағдайындағы ереже бойынша пререквизиттерін есепке ала отырып анықталады.
      11. Білім беру ұйымдарының басшылары ұсынылған құжаттардың негізінде білім алушының мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, үш жұмыс күнінің ішінде академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық шығарады.
      12. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде аталған бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті салалық министрлікке үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
      13. Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинауы тиіс немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.
      14. Білім алушы айырмашылық пәндерін жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық оқу пәндеріне қатысып, сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.