О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 129. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 759.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 759 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 15, ст. 113) следующие изменения:

      1) заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы";

      2) пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы";

      3) в Правилах присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", утвержденных указанным постановлением:

      4) заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы";

      пункты 1, 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5-1) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) образовательный грант Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации "Өркен" (далее – грант) – грант, учреждаемый Президентом Республики Казахстан для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (далее – школа);

      2) уполномоченный орган в области образования (далее – уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования;

      3) республиканская комиссия по присуждению гранта – комиссия, создаваемая уполномоченным органом для присуждения гранта (далее - комиссия);

      4) рабочий орган – автономная организация образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".";

      подпункты 1) и 2) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) заявление на участие в конкурсе по форме, устанавливаемой рабочим органом;

      2) заполненную анкету по форме, устанавливаемой рабочим органом;";

      пункты 8, 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Сроки и место приема документов, а также срок проведения первого этапа конкурса определяются рабочим органом и публикуются в средствах массовой информации, распространяемых на всей территории Республики Казахстан.

      9. Конкурс состоит из двух этапов и проводится в порядке, определяемом рабочим органом.

      На первом этапе проводится комплексное тестирование претендентов по профильным предметам, соответствующим направлениям школ, а также по казахскому, русскому и английскому языкам. Комплексное тестирование является отборочным ко второму этапу. Ко второму этапу допускаются претенденты, набравшие сорок и более процентов правильных ответов от общего количества вопросов.

      На втором этапе проводятся письменные экзамены по профильным предметам, соответствующим направлениям школ.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Итоги конкурса публикуются на интернет-ресурсе рабочего органа, не позднее пяти рабочих дней со дня подписания протокола комиссией.".

      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан и автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие после официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 129 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы";

      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері бекітілсін.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:

      4) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.";

      2. Осы Ереже мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі - грант) - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - мектеп) дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) грантты тағайындау жөніндегі республикалық комиссия - грантты тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - комиссия);

      4) жұмыс органы - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы.";

      7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама;";

      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурстың бірінші кезеңі өткізілетін мерзімді жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      9. Конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

      Бірінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.

      Екінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов