О передаче проектно-сметной документации из республиканской собственности в коммунальную собственность Костанайской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2012 года № 159

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять предложение акима Костанайской области о передаче из республиканской собственности с баланса Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан проектно-сметной документации «Реконструкция искусственной взлетно-посадочной полосы и аэровокзала аэропорта Костанай», балансовой стоимостью 181 075 502 (сто восемьдесят один миллион семьдесят пять тысяч пятьсот две) тенге, в коммунальную собственность Костанайской области.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и акиматом Костанайской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществить необходимые мероприятия по приему-передаче имущества, указанного в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Жобалық-сметалық құжаттаманы республикалық меншіктен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 159 Қаулысы

      «Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсіне беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай облысы әкiмiнiң теңгерiмдiк құны 181 075 502 (бiр жүз сексен бір миллион жетпіс бес мың бес жүз екі) теңге «Қостанай әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасын республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң теңгерiмiнен Қостанай облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiмен және Қостанай облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов