Об утверждении Правил деятельности и состава комиссии, выдающей заключение о возможности выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 387. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 312

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 8 статьи 84 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности и состав комиссии, выдающей заключение о возможности выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 марта 2012 года № 387

Правила деятельности комиссии,
выдающей заключение о возможности выдачи разрешения
о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан,
на усыновление

      1. Комиссия, выдающая заключение о возможности выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление (далее – комиссия), является постоянно действующей, образованной для обеспечения согласованных действий исполнительных органов по реализации государственной политики в области усыновления детей, являющихся гражданами Республики Казахстан.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» (далее – Кодекс), настоящими Правилами, иными нормативными правовыми актами, а также международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.
      3. Основными функциями комиссии являются:
      1) рассмотрение документов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, подлежащих усыновлению в соответствии с пунктом 2 статьи 84 Кодекса;
      2) заслушивание органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству (далее – орган), о предпринятых мерах по устройству детей в семьи под опеку или попечительство либо патронатное воспитание;
      3) подготовка заключения о возможности выдачи разрешения о передаче детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее – дети), на усыновление.
      4. Председателем комиссии является руководитель (заместитель руководителя) уполномоченного органа в области образования района, города областного, республиканского значения, столицы.
      Председатель комиссии руководит деятельностью комиссии, председательствует на заседаниях комиссии, планирует ее работу и несет в соответствии с действующим законодательством ответственность за деятельность, осуществляемую комиссией.
      5. Комиссия создается при местных исполнительных органах района, города областного, республиканского значения, столицы согласно приложению к настоящим Правилам. Члены комиссии принимают участие в заседаниях комиссии без права замены.
      6. Регламент работы комиссии утверждается ее председателем.
      Заседания комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в месяц, и считаются правомочными, если на них присутствуют не менее двух третей ее членов.
      7. Документы, подлежащие рассмотрению на комиссии, готовятся уполномоченным органом в области образования района, города областного, республиканского значения, столицы и рассматриваются в течение десяти рабочих дней с момента их поступления.
      В целях обеспечения своевременного и качественного рассмотрения материалов, поступивших на рассмотрение комиссии, они предварительно изучаются в течение семи рабочих дней председателем и членами комиссии.
      В процессе предварительного изучения поступивших на рассмотрение материалов комиссия определяет:
      круг лиц, подлежащих вызову или приглашению на заседание комиссии;
      необходимость проведения дополнительной проверки обстоятельств, имеющих значение для правильного и своевременного рассмотрения материалов, а также истребования дополнительных материалов.
      8. Мотивированное решение комиссии о соответствии либо несоответствии усыновления интересам ребенка принимается большинством голосов присутствующих на заседании ее членов. При равенстве голосов решающим является голос председателя комиссии.
      Решение комиссии оформляется протоколом и подписывается присутствовавшими на заседании ее членами.
      Члены комиссии имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения излагается в письменном виде и прилагается к протоколу заседания комиссии.
      9. По результатам проведения заседаний комиссии готовится заключение о возможности выдачи разрешения о передаче детей на усыновление, подписанное председателем комиссии.
      Заключение в течение трех рабочих дней направляется в орган.
      В отношении детей, подлежащих постановке на централизованный учет, орган направляет копию заключения в уполномоченный орган в области защиты прав детей Республики Казахстан.
      10. Организационно-техническое обеспечение деятельности комиссии осуществляет местный исполнительный орган района, города областного, республиканского значения, столицы.

Приложение         
к Правилам деятельности  
комиссии, выдающей заключение
о возможности выдачи   
разрешения о передаче детей,
являющихся гражданами   
Республики Казахстан,  
на усыновление     

СОСТАВ
комиссии, выдающей заключение о возможности выдачи разрешения
о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан,
на усыновление

      *** - руководитель (заместитель руководителя) уполномоченного органа в области образования района, города областного, республиканского значения, столицы (председатель Комиссии);
      *** - специалист, осуществляющий функции по опеке и попечительству (секретарь Комиссии);
      *** - представитель органа внутренних дел;
      *** - представитель структурного подразделения местного исполнительного органа в области занятости и социальной защиты населения;
      *** - представитель органа юстиции;
      *** - представитель органа здравоохранения.

      Примечание: *** - фамилия, имя, отчество представителя соответствующего государственного органа.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 84-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары және құрамы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 387 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы
қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру жөніндегі атқарушы органдардың келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін (бұдан әрі – Кодекс), осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
      3. Комиссияның негізгі функциялары:
      1) Кодекстің 84-бабының 2-тармағына сәйкес асырап алуға жататын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құжаттарын қарау;
      2) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды (бұдан әрі – орган) балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына не патронаттық тәрбиеге орналастыру жөніндегі атқарған шаралары туралы тыңдау;
      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беру болып табылады.
      4. Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру саласындағы уәкілетті органының басшысы (басшының орынбасары) комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия төрағасы комиссия қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және комиссияның жүзеге асыратын қызметі үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      5. Комиссия осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
      6. Комиссия жұмысының регламентін оның төрағасы бекітеді.
      Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және оған мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      7. Комиссияда қарауға жататын құжаттарды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру саласындағы уәкілетті органы дайындайды және олар түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      Комиссия қарауына түскен материалдардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия төрағасы мен мүшелері оларды жеті жұмыс күні ішінде алдын ала зерделейді.
      Қарауға түскен материалдарды алдын ала зерделеу процесінде комиссия:
      комиссия отырысына шақырып алынуға немесе шақырылуға жататын адамдар тобын;
      материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуы үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша тексеруден өткізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттігін айқындайды.
      8. Асырап алудың бала мүддесіне сәйкес келетіні не сәйкес келмейтіні туралы комиссияның дәлелді шешімі отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалады және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
      9. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижесі бойынша комиссия төрағасы қол қоятын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды дайындалады.
      Қорытынды үш жұмыс күні ішінде органға жіберіледі.
      Орталықтандырылған есепке қоюға жататын балаларға қатысты орган қорытындының көшірмесін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына жібереді.
      10. Комиссия қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының     
азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат  
беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін
комиссия қызметінің қағидаларына 
қосымша             

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы
қорытынды беретін комиссия
ҚҰРАМЫ

      *** – ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың білім беру саласындағы уәкілетті органының басшысы (басшының орынбасары) (Комиссия төрағасы);
      *** – қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын маман (Комиссия хатшысы);
      *** – ішкі істер органының өкілі;
      *** – жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің өкілі;
      *** – әділет органының өкілі;
      *** – денсаулық сақтау органының өкілі.

      Ескертпе: *** – тиісті мемлекеттік орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты.