О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2012 года № 487. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования" следующее изменение:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. В национальные высшие учебные заведения на платное обучение зачисляются выпускники организаций общего среднего образования текущего года, прошедшие ЕНТ, участники комплексного тестирования, набравшие по результатам тестирования не менее 70 баллов, в другие высшие учебные заведения не менее 50 баллов, а по специальности "Общая медицина" не менее 55 баллов, по следующим предметам: государственному или русскому языку (язык обучения), истории Казахстана, математике и предмету по выбору, в том числе не менее 7 баллов по профильному предмету (не менее 10 по каждому творческому экзамену), а по остальным предметам - не менее 4 баллов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 487 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пәннен кемінде 70 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов