Об утверждении Правил ведения государственного мониторинга лесов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 727. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/163.

      В соответствии с подпунктом 17-12) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного мониторинга лесов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены               
постановлением Правительства     
Республики Казахстан         
от 1 июня 2012 года № 727     

Правила
ведения государственного мониторинга лесов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения государственного мониторинга лесов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 17-12) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и устанавливают порядок ведения государственного мониторинга лесов.
      2. Государственный мониторинг лесов представляет собой систему наблюдений, оценки и прогноза состояния и динамики лесного фонда в целях государственного управления в области охраны, защиты лесного фонда и воспроизводства лесов, пользования лесным фондом, сохранения биологического разнообразия и экологических функций лесов.
      3. Ведение государственного мониторинга лесов осуществляется по единой системе на всей территории Республики Казахстан государственной лесоустроительной организацией согласно настоящим Правилам.

2. Порядок ведения государственного мониторинга лесов

      4. Государственные учреждения лесного хозяйства ежегодно до 20 января, следующего за отчетным годом, представляют сведения о произошедших изменениях в лесном фонде по ведомственной принадлежности местным исполнительным органам области (города республиканского значения, столицы) в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения (далее – исполнительные органы).
      5. Исполнительные органы подготавливают и представляют материалы по государственному мониторингу лесов государственной лесоустроительной организации в срок до 1 марта, следующего за отчетным годом.
      6. В зависимости от территориальности осуществляется республиканский, региональный и локальный государственный мониторинг лесов:
      1) республиканский – охватывает всю территорию лесного фонда Республики Казахстан;
      2) региональный – охватывает территории, ограниченные физико–географическими, административными, лесорастительными, лесоэкономическими границами;
      3) локальный – ведется на территориальных объектах ниже регионального уровня, вплоть до отдельных участков лесного фонда и элементарных структур лесных экологических систем.
      7. Мониторинг лесов включает работы по:
      1) выполнению систематических наблюдений (изыскания, съемки, обследования, инвентаризация) по категориям государственного лесного фонда;
      2) проведению оценки состояния лесного фонда;
      3) разработке рекомендаций по регулированию антропогенных воздействий на состояние лесного фонда;
      4) разработке прогноза состояния лесного фонда на определенный период времени.
      8. Оценка состояния лесного фонда выполняется путем анализа проводимых наблюдений, изучения направленности и интенсивности изменений.
      9. По результатам состояния лесного фонда составляются оперативные сводки, доклады, рекомендации и научные прогнозы с приложением к ним тематических карт, диаграмм, таблиц, характеризующих динамику, направленность и интенсивность развития изменений, в особенности имеющих негативный характер.
      10. Для ведения государственного мониторинга лесов используются материалы:
      1) дистанционного зондирования;
      2) государственного учета лесного фонда и государственного лесного кадастра;
      3) лесоустройства;
      4) фондовых данных (планы, карты, схемы, табличные и другие материалы);
      5) натурных исследований и изысканий.
      11. Результаты государственного мониторинга лесов оформляются в виде отчетов, таблиц, карт и картографических материалов, как на бумажных носителях, так и с использованием электронных систем сбора, обработки и хранения информации.

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 727 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 727 қаулысымен   
бекiтiлген      

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексiнің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
      3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.

2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi

       4. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі –  атқарушы органдар) орман қорында болған өзгерістер туралы мәліметтер береді.
      5. Атқарушы органдар ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.
      6. Аумақтың қамтылуына байланысты ормандардың республикалық, өңірлiк және жергілікті мемлекеттiк мониторингі жүзеге асырылады:
      1) республикалық - Қазақстан Республикасы орман қорының бүкіл аумағын қамтиды;
      2) өңiрлік - физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман-экономикалық шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
      3) жергілікті - орман қорының жекелеген учаскелерiне және орманның экологиялық жүйелерiнің қарапайым құрылымдарына дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi.
      7. Ормандардың мониторингi:
      1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi қадағалауды орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);
      2) орман қорының жай-күйiне бағалау жүргізу;
      3) орман қорының жай-күйiне антропогендік әсерлердi реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      4) белгiлi бiр уақыт кезеңiне орман қорының жай-күйiне болжам әзірлеу жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
      8. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн қадағалауды талдау, өзгерiстердiң бағыты мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
      9. Орман қорының жай-күйінің нәтижелерi бойынша жедел жиынтық мәліметтер, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсiресе терiс сипаттағы өзгерiстердiң даму серпінін, бағыты мен қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса беріліп жасалады.
      10. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:
      1) қашықтықтан зондтау;
      2) орман қорының мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк орман кадастрының;
      3) орман орналастырудың;
      4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);
      5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады.
      11. Ормандардың мемлекеттiк мониторингінiң нәтижелерi қағаз жеткізгіштерде де, ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып та есептер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрiнде ресiмделедi.