О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2009 года № 1415 "Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, государственного архитектурно-строительного контроля и надзора, лицензирования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2012 года № 864. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2009 года № 1415 «Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, государственного архитектурно-строительного контроля и надзора, лицензирования» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 39, ст. 383) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.»;
      в Правилах осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, государственного архитектурно-строительного контроля и надзора, лицензирования, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Правила осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности»;
      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      «1. Правила осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» и иными законодательными актами Республики Казахстан.
      2. Настоящие Правила определяют порядок организации и проведения контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее – уполномоченный орган) за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее – местный орган).»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Целью осуществления проверок являются контроль и надзор за деятельностью местных органов, в том числе в части соблюдения градостроительной дисциплины и регламентов, порядка проведения экспертизы проектов, правил прохождения разрешительных процедур на строительство, а также правил приемки построенных объектов в эксплуатацию.»;
      часть первую пункта 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Уполномоченный орган уведомляет в письменном виде местный орган о начале проведения плановой проверки не менее чем за тридцать календарных дней до начала самой проверки с указанием сроков и предмета проведения проверки.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 1415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 864 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 21 қыркүйектегi № 1415 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 383-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тексеруді жүзеге асырудың мақсаты жергілікті органдардың, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерін, жобаларға сараптама жүргізу тәртібін, құрылысқа рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларын сақтау бөлігінде қызметін бақылау мен қадағалау болып табылды.»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексерудің басталғаны туралы жергілікті органды жазбаша түрде хабардар етеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                К. Мәсімов