О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 449 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2012 года № 867. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1506

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.11.2012 № 1506 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 449 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 18, ст. 201) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении квалификационных требований к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок»;
      в пункте 1:
      подпункт 1) исключить;
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) квалификационные требования к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок.»;
      квалификационные требования к деятельности по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан 
от 28 июня 2012 года № 867

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 2 июня 2007 года № 449

Квалификационные требования к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок

      Квалификационные требования, предъявляемые к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок, включают:
      1) участие в системе гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам;
      2) учет выдачи хлопковых расписок;
      3) наличие на праве собственности или ином законном основании хлопкоочистительного завода и хлопкоприемных пунктов;
      4) наличие на хлопкоочистительном заводе:
      не менее одного хлопкоприемного пункта;
      оборудования, предназначенного для осуществления технологических операций по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно;
      весового оборудования;
      вентиляционного оборудования;
      погрузочно-разгрузочных механизмов;
      производственно-технологической лаборатории для определения качества хлопка;
      специально отведенного места для хранения хлопка;
      5) наличие на хлопкоприемном пункте, расположенном вне места нахождения хлопкоочистительного завода:
      открытой (крытой) площадки для складирования и хранения хлопка-сырца;
      весового оборудования;
      лабораторного оборудования для отбора проб и определения качества хлопка-сырца;
      погрузочно-разгрузочных механизмов;
      6) пропускной режим на хлопкоочистительном заводе, а также хлопкоприемном пункте, находящемся вне места расположения хлопкоочистительного завода;
      7) квалифицированный состав технических руководителей и специалистов, имеющих соответствующее образование (для руководителей - высшее техническое или технологическое образование, для специалистов - техническое и профессиональное (техническое или технологическое) образование)*.
      Территория хлопкоочистительного завода, а также хлопкоприемного пункта, расположенного вне места нахождения хлопкоочистительного завода, должна быть огорожена.
      Примечание: *наличие соответствующего образования, подтверждается копией диплома (нотариально заверенная в случае непредставления оригинала для сверки).

"Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 867 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1506 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекiтілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 867 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 449 қаулысымен 
бекітілген     

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуды;
      2) мақта қолхаттарын беру есебін;
      3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерiнiң болуын;
      4) мақта тазалау зауытында:
      кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;
      шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;
      таразы жабдығының;
      желдету жабдығының;
      тиеу-түсiру тетiктерiнiң;
      мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың;
      мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның болуын;
      5) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде:
      шиттi мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
      таразы жабдығының;
      сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;
      тиеу-түсiру тетiктерiнiң болуын;
      6) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегi мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң болуын;
      7) тиісті білімі бар (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін – техникалық және кәсіптік (техникалық немесе технологиялық) білім)* техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
      Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнiң аумағы қоршалуға тиiс.
      Ескертпе: *тиісті білімнің болуы диплом көшірмесімен расталады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариус куәландырған).