О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2012 года № 896. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования" следующее изменение:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Комплексное тестирование проводится для выпускников организаций общего среднего образования (среднего общего) прошлых лет, выпускников технических и профессиональных (начальных и средних профессиональных, послесредних) организаций образования, выпускников общеобразовательных школ, обучавшихся по линии международного обмена школьников за рубежом, выпускников общеобразовательных школ, не принявших участие в ЕНТ, выпускников общеобразовательных школ с не казахским и не русским языками обучения, выпускников республиканских музыкальных школ-интернатов, а также лиц, окончивших учебные заведения за рубежом.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 896 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов