О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский научно-методический центр развития технического и профессионального образования и присвоения квалификации" Министерства образовании и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2012 года № 1144.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский научно-методический центр развития технического и профессионального образования и присвоения квалификации" Министерства образовании и науки Республики Казахстан путем преобразования в акционерное общество "Республиканский научно-методический центр развития технического и профессионального образования и присвоения квалификации" (далее – Общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности Общества осуществление деятельности в сфере технического и профессионального образования, в том числе организация и проведение оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) профессионального образования с выдачей сертификатов соответствия установленного образца.

      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) утверждение устава Общества;

      2) государственную регистрацию Общества в органах юстиции Республики Казахстан;

      3) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций Общества Министерству образования и науки Республики Казахстан;

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 сентября 2012 года № 1144

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Астана":

      дополнить строкой, порядковый номер 21-155, следующего содержания:

      "21-155. АО "Республиканский научно-методический центр

      развития технического и профессионального образования

      и присвоения квалификации".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Министерству образования и науки Республики Казахстан":

      дополнить строкой, порядковый номер 222-33-12, следующего содержания:

      "222-33-12. АО "Республиканский научно-методический центр

      развития технического и профессионального

      образования и присвоения квалификации".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581 .
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1144 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні техникалық және кәсіптік білім саласында қызметті жүзеге асыру, оның ішінде белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификаттарын берумен кәсіптік білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейіне бағалау жүргізу және біліктілік беру деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1144 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-155-жолмен толықтырылсын:

      "21-155. "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді

      дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік

      орталығы" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-12-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-12. "Республикалық техникалық және кәсіптік білім

      беруді дамытудың және біліктілікті берудің

      ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.