О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 511 "О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2012 года № 1251

      В соответствии со статьей 20 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 511 «О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан» следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Выделить Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2012 год на неотложные затраты, денежные средства в сумме 864 828 948 (восемьсот шестьдесят четыре миллиона восемьсот двадцать восемь тысяч девятьсот сорок восемь) тенге для перечисления в установленном порядке акционерному обществу «Жамбылская государственная районная электрическая станция имени Т.И. Батурова» для закупа топлива на февраль-март 2012 года в целях недопущения роста стоимости электроэнергии выше предельного тарифа, определенного постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2009 года № 392 «Об утверждении предельных тарифов.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 511 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1251 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 511 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне электр энергиясы құнының «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысымен айқындалған шекті тарифтен жоғары өсуіне жол бермеу мақсатында «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы» акционерлік қоғамына белгіленген тәртіппен аудару үшін 2012 жылдың ақпан-наурыз айларына отын сатып алу үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 864 828 948 (сегіз жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз жиырма сегіз мың тоғыз жүз қырық сегіз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов