О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2008 года № 425 "О некоторых мерах по упрощению порядка оформления и выдачи исходных материалов (данных) и разрешительных документов для строительства объектов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2012 года № 1452. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 479

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.06.2015 № 479 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2008 года № 425 «О некоторых мерах по упрощению порядка оформления и выдачи исходных материалов (данных) и разрешительных документов для строительства объектов» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 24, ст. 227) следующие изменения и дополнение:
      подпункт 2) пункта 1 исключить;
      в Правилах оформления и выдачи исходных материалов (данных) для проектирования объектов строительства, утвержденных указанным постановлением:
      часть вторую пункта 7 изложить в следующей редакции:
      «Для получения решения о реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий к заявлению прилагаются:
      1) копии документов, удостоверяющих право собственности заявителя на изменяемый объект, с представлением подлинников для установления государственным органом, рассматривающим заявление, подлинности документов, либо нотариально засвидетельствованное письменное согласие собственника (сособственников) объекта на намечаемое изменение и его параметры;
      2) нотариально засвидетельствованное письменное согласие собственников других помещений (частей дома), смежных с изменяемыми помещениями (частями дома), в случае, если планируемые реконструкция (перепланировка, переоборудование) помещений (частей жилого дома) или перенос границ помещений затрагивают их интересы.»;
      дополнить пунктом 21-1 следующего содержания:
      «21-1. В случаях, если реконструкция (перепланировка, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий затрагивает изменение несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования, а также требует отвода дополнительного земельного участка (территории, трассы), то в архитектурно-планировочном задании указывается необходимость уведомления органов государственного архитектурно-строительного контроля и надзора в порядке, установленном Законом Республики Казахстан «Об административных процедурах.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1452 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінде:
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке:
      1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
      2) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      «21-1. Егер қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тірек және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуді қозғайтын, сондай-ақ қосымша жер учаскесін (аумақты, трассаны) бөліп беруді талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына хабарлау қажеттілігі көрсетіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов