О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2011 года № 1302 "Об утверждении Правил приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1502. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2016 года № 53

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.02.2016 № 53 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от
7 ноября 2011 года № 1302 «Об утверждении Правил приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 2, ст. 18) следующие изменения:
      в Правилах приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      «27. Перевозка взрывчатых материалов осуществляется в соответствии с законами Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте», от 15 июля 2010 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2004 года № 316 «О некоторых вопросах по перевозке опасных грузов автомобильным транспортом», от 21 июня 2011 года № 682 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом», от 21 июля 2011 года № 839 «Об утверждении Правил перевозки опасных грузов внутренним водным транспортом»;
      пункты 2829 исключить;
      пункт 30 изложить в следующей редакции:
      «30. Перевозка взрывчатых материалов в пределах города, района, с одного склада на другие, принадлежащие одному и тому же предприятию, производится по наряду-накладной, а к местам производства взрывных работ (использования или испытания взрывчатых материалов) – по наряду-накладной или наряду-путевке.»;
      подпункт 12) пункта 32 изложить в следующей редакции:
      «12) в случае транспортировки взрывчатых материалов автомобильным транспортом представляется согласованный с органами дорожной полиции маршрут перевозки опасного груза.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1502 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларында:
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Жарылғыш материалдарды тасымалдау «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316, «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682, «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2829-тармақтар алынып тасталсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жарылғыш материалдарды қала, аудан шегінде, бір және сол кәсіпорынға тиесілі қоймадан басқа қоймаларға тасымалдау наряд-жүкқұжаты бойынша, ал жару жұмыстарын жүргізу орындарына (жарылғыш материалдарды пайдалану немесе сынау) наряд-жүкқұжат немесе наряд-жолдама бойынша жүргізіледі.»;
      32-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов