О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации поправки в Соглашение об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития, санкционирующей его деятельность в странах Южного и Восточного Средиземноморья"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2012 № 1631

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О ратификации поправки в Соглашение об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития, санкционирующей его деятельность в странах Южного и Восточного Средиземноморья».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             С. Ахметов

Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ратификации поправки в Соглашение об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития, санкционирующей его деятельность в странах Южного и Восточного Средиземноморья

      Ратифицировать поправку в Соглашение об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития, санкционирующей его деятельность в странах Южного и Восточного Средиземноморья, одобренную постановлением Совета управляющих Европейского Банка Реконструкции и Развития от 30 сентября 2011 года № 137.

      Президент
      Республики Казахстан

"Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1631 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның
Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін
санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 137 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзету ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бейресми аударма

№ 137 ҚАУЛЫ ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ОНЫҢ
ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІН
САНКЦИЯЛАЙТЫН ТҮЗЕТУ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

      БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІ
      Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста болып жатқан тарихи өзгерістерді бақылай отырып,
      Басқарушылар кеңесі Директорлар кеңесiне басқалармен қатар Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің (Келісім) 1-бабына ЕҚДБ мандатын қолданудың географиялық аясын тиісінше өңірлік кеңейтуді және осы кеңейтілген өңірдегі ЕҚДБ-ға мүше елдерге алушы ел мәртебесін беру үшін тиісті тетік жасауды көздейтін, бұл ретте оның мандатын қолдану аясының кез келген мұндай кеңеюі оның капиталына қосымша жарналар енгізуді талап етпеуін және оның қазіргі алушы елдерінде ЕҚДБ операцияларының келісілген көлемдері мен әсерінің тиімділігінің азаюына әкеп соқпауын қамтамасыз ететін түзету енгізуге қатысты Басқарушылар кеңесі үшін ұсынымдар дайындауды тапсырған «ЕҚДБ операцияларының өңірін ықтимал географиялық кеңейту туралы» 2011 жылғы 21 мамырда қабылданған № 134 қаулы туралы еске сала отырып,
      сондай-ақ, Басқарушылар кеңесінің № 128 қаулысымен мақұлданған Директорлар кеңесiнің 2011 – 2015 жылдар кезеңіне арналған күрделі ресурстардың жай-күйіне төртінші шолу (4-КРЖШ) нәтижелері туралы баяндамасында өтпелі процесті аяқтау бұрынғыша ЕҚДБ-ның негіз қалаушы қағидаттарының бірі болып қала беретіні расталатынын еске сала отырып,
      Директорлар кеңесінің Басқарушылар кеңесіне баяндамасын онда қамтылған, басқалармен қатар «ЕҚДБ операцияларының өңірін оған Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдерін қоса отырып, географиялық кеңейтуге» қатысты ұстанымдарымен қарап және олармен келісе отырып, Басқарушылар кеңесі ЕҚДБ-ның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі операцияларын санкциялау мақсатында Келісімнің 1-бабына түзетуді қабылдайды;
      ОСЫЛАЙША, ОСЫМЕН ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Келiсiмнiң 1-бабының редакциясы былайша өзгертiлсiн:

«1-БАП: МАҚСАТЫ

      ЕҚДБ мақсаты экономикалық прогреске және реконструкциялауға үлес қоса отырып, нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың қағидаттарын ұстанатын және оларды өмiрге енгiзетін Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде жеке және кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Осы шарттардың орындалуын ескере отырып, Банк мүшелерінің иелігіндегі дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің дауысының көпшілігімен қабылдаған Банк шешіміне сәйкес Банктің мақсатына оған мүше – Моңғолияда және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің елдерінде де қол жеткізуге болады. Осыған байланысты осы Келісімдегі және оған қосымшалардағы «Орталық және Шығыс Еуропа елдерi», «Орталық және Шығыс Еуропадағы елдер», «алушы ел (немесе алушы елдер)» немесе «Банк мүшесі, алушы ел (Банк мүшелері, алушы елдер)» деген кез келген сілтеме Моңғолияға да және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің осындай елдерінің әрқайсысына да қатысты болады.
      2. ЕҚДБ мүшелерінен а) Банктің осы мүшесінің өз елінің заңдарына сәйкес көрсетілген түзетуді қабылдауын айғақтайтын құжаттарды ресімдеу және Банкке сақтауға беру және b) осы түзетуді қабылдауының дәлелін Банкті қанағаттандыратын нысанда және мазмұнда ұсыну, сондай-ақ көрсетілген түзетуді қабылдауы туралы құжатын ЕҚДБ-ның осы мүшесінің заңдарына сәйкес ресімдеу және сақтауға беру арқылы өздерінің көрсетілген түзетуді қабылдайтын-қабылдамайтынын хабарлауы сұралады.
      3. Көрсетiлген түзету, ЕҚДБ құру туралы келісімнің 56-бабында көзделгендей, оны қабылдауға қойылатын талаптардың орындалғанын Банк өзінің мүшелеріне ресми растаған сәттен бастап жеті күннен кейін күшіне енеді.

(2011 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды)