О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1345 "Некоторые вопросы, регламентирующие проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 76. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2016 года № 778.

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.12.2016 № 778 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1345 «Некоторые вопросы, регламентирующие проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 49, ст. 558) следующие изменения:
      в Правилах проезда автотранспортных средств по территории
Республики Казахстан и выдачи разрешительных документов, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 7 исключить;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. При попутной загрузке на территории Республики Казахстан иностранного грузового автотранспортного средства, следующего в обратном направлении из транзитного рейса по территории Республики Казахстан, необходимо наличие дополнительного разрешения на проезд по территории Республики Казахстан, которое выдается уполномоченным органом после уплаты суммы сбора за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан по ставкам, установленным Кодексом Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс).».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 76 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 778 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.12.2016 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 558-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:
      7-тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге қосымша рұқсаттың болуы қажет.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов