О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 "Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2013 года № 184

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 «Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 42, ст. 489) следующие изменения:
      в Плане первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в подразделе 3 «Обеспечение стабильности на ипотечном рынке страны, защиты прав дольщиков и завершение объектов строительства» раздела 2 «Механизмы достижения цели и реализации поставленных задач»:
      в части седьмой слова «2 этап: 2008 – 2012 годы» заменить словами «2 этап: 2008 – 2013 годы»;
      часть тридцать первую изложить в следующей редакции:
      «Акционерным обществом «Фонд стрессовых активов» (далее – фонд) будет профинансировано строительство жилых комплексов «Солнечный квартал», «Шанырак» и жилого дома по улице Джангельдина, 11 города Алматы на сумму 3,44 млрд. тенге, из них на финансирование жилого комплекса «Солнечный квартал» – 2,3 млрд. тенге, жилого комплекса «Шанырак» – 1 млрд. тенге, жилого дома по улице Джангельдина, 11 города Алматы на сумму 0,14 млрд. тенге, строительство которых будет осуществляться уполномоченной организацией акимата города Алматы.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 184 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімнің «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімінде:
      жетінші бөліктегі «2-кезең: 2008 – 2012 жылдар» деген сөздер «2-кезең: 2008 – 2013 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор) құрылысын Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы жүзеге асыратын «Солнечный квартал», «Шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің және Алматы қаласы Жангелдин көшесіндегі 11-тұрғын үй құрылысын 3,44 млрд. теңге сомаға қаржыландыратын болады, оның ішінде «Солнечный квартал» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға – 2,3 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешеніне – 1 млрд. теңге, Алматы қаласы Жангелдин көшесі 11-тұрғын үйдің құрылысына 0,14 млрд. теңге.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов