О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2012 года № 104 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2013 года № 307. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2012 года № 104 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 26, ст. 359) следующие дополнения:
      в Санитарных правилах «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов», утвержденных указанным постановлением:
      пункт 4 дополнить подпунктами 15-1), 15-2) и 15-3) следующего содержания:
      «15-1) методы опреснения - физические и химические методы удаления из воды растворенных солей и других примесей;
      15-2) морские воды – это воды Каспийского и Аральского морей в пределах Государственной границы Республики Казахстан, если иное не предусмотрено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.
      Отсчет территориальных вод (моря) осуществляется от прямых исходных линий, соединяющих соответствующие географические точки, определяемые в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, а также линии наибольшего отлива как на материке, так и островах, принадлежащих Республике Казахстан;
      15-3) береговая линия – линия берега водного объекта, образующаяся в результате максимального прилива (полной воды);»;
      пункт 72 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) для водозаборов при использовании морской воды для хозяйственно-питьевых целей методами опреснения граница первого пояса устанавливается в зависимости от местных санитарно-эпидемиологических и гидрологических условий, но не менее 100 метров во всех направлениях по акватории от места приема воды в водозаборный канал.
      В зависимости от конкретных гидрофизических и топографо-гидрологических особенностей береговой линии длина водозаборного канала в сторону моря устанавливается на основании проекта обоснования ЗСО с выдачей санитарно-эпидемиологического заключения, но не менее 300 метров.»;
      пункт 74 дополнить частью второй следующего содержания:
      «При применении методов опреснения морских вод граница второго пояса ЗСО на море удаляется по акватории во все стороны от водозабора с учетом гидрофизических и топографо-гидрологических особенностей на основании проекта обоснования ЗСО с выдачей санитарно-эпидемиологического заключения».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 307 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 359-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) тұщыту әдістері - судан еріген тұз бен басқа да қоспаларды алып тастаудың физикалық және химиялық әдістері;
      15-2) теңіз сулары - егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары.
      Аумақтық суларды (теңізді) есептеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын тиісті географиялық нүктелерді қосатын бастапқы түзу сызықтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегінен жүзеге асырылады.
      15-3) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;»;
      72-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) теңіз суын шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін пайдаланған кезде су жинағыштар үшін тұщыту әдістерімен бірінші белдеудің шекарасы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық және гидрологиялық жағдайларға байланысты, бірақ су жинау арнасына су қабылданатын жерден кемінде 100 метр акватория бойынша барлық бағыттарға белгіленеді.
      Теңіз жағалауының нақты гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты су жинау арнасының теңіз жаққа қарай ұзындығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, СҚА негіздемесі жобасының негізінде, бірақ кемінде 300 метр болып белгіленеді.»;
      74-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Теңіз суларын тұшыту әдістерін қолдану кезінде теңіздегі СҚА екінші белдеуінің шекарасы гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, су жинағыштан барлық жаққа қарай акватория бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бере отырып, СҚА негіздемесі жобасының негізінде алып тасталады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов