Об оказании официальной гуманитарной помощи Исламской Республике Афганистан и Ливанской Республике

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 502

      В связи со сложной экономической и финансовой ситуацией, сложившейся в Исламской Республике Афганистан и Ливанской Республике, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан разбронировать из государственного материального резерва для оказания официальной гуманитарной помощи Исламской Республике Афганистан растительное масло в объеме 160000 (сто шестьдесят тысяч) литров, крупу гречневую в объеме 60 (шестьдесят) тонн.
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить своевременную подачу подвижного состава для транспортировки и доставки в Исламскую Республику Афганистан гуманитарного груза до пункта назначения.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке выделить Министерству иностранных дел Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2013 год для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств, средства в сумме, эквивалентной 200000 (двести тысяч) долларам США, для оказания официальной гуманитарной помощи Ливанской Республике.
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить перечисление указанных средств на специальный банковский счет:

Name:

OIC - Assistance

IBAN:

SA29 4000 0000 0000 0560 0758

Bank:

SAMBA Financial Group

Branch:

Main Branch

Address:

Al-Andalus Street

Jeddah - Kingdom of Saudi Arabia

Swift:

SAMBSARI

      5. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за использованием выделенных средств.
      6. Министерствам по чрезвычайным ситуациям, финансов, транспорта и коммуникаций Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      7. Министерству иностранных дел Республики Казахстан определить получателя гуманитарной помощи и обеспечить координацию мер по ее оказанию.
      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Ауғанстан Ислам Республикасы мен Ливан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 502 қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасы мен Ливан Республикасында қалыптасқан күрделі экономикалық және қаржылық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 160000 (бір жүз алпыс мың) литр көлемінде өсімдік майын, 60 (алпыс) тонна көлемінде қарақұмық жармасын броннан шығарсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ізгілік жүкті межелі пунктіне дейін Ауғанстан Ислам Республикасына тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ливан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 200000 (екі жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

Name:

OIC - Assistance

IBAN:

SA29 4000 0000 0000 0560 0758

Bank:

SAMBA Financial Group

Branch:

Main Branch

Address:

Al-Andalus Street
Jeddah - Kingdom of Saudi Arabia

Swift:

SAMBSARI

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов