О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 573 "Об утверждении Правил проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2013 года № 602. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2014 года № 403

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2014 № 403.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 573 «Об утверждении Правил проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения)» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 38, ст. 333) следующие изменения и дополнения:
      в пункте 1 после слова «Правила» дополнить словом «проведения»;
      в Правилах проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения), утвержденных вышеназванным постановлением:
      подпункт 6) пункта 7 изложить в следующей редакции:
      «6) акимом области, города республиканского значения, столицы информации по результатам оценки в центральный уполномоченный орган по региональному развитию.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Общая методологическая координация оценки эффективности осуществляется центральным уполномоченным органом по региональному развитию.»;
      пункт 15 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      «7) правовое обеспечение государственных органов.»;
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      «16. По каждому направлению деятельности, указанному в пункте 15 настоящих Правил, центральными государственными органами, уполномоченными на проведение оценки эффективности, определенными пунктом 10 Системы, разрабатываются и утверждаются согласованные с центральным уполномоченным органом по региональному развитию соответствующие методики, в которых определяются критерии и показатели оценки эффективности деятельности исполнительных органов.»;
      пункт 23 изложить в следующей редакции:
      «23. Разработка и утверждение методики по оценке эффективности достижения и реализации стратегических целей и задач в курируемых отрасли/сфере/регионе и ее методологическое сопровождение осуществляются центральным уполномоченным органом по региональному развитию.»;
      пункт 32 изложить в следующей редакции:
      «32. Оценка эффективности по данному направлению осуществляется аппаратом акима области.»;
      дополнить разделом 4.7. следующего содержания:
      «4.7. Оценка эффективности правового обеспечения государственных органов
      40-1. Оценка по данному направлению осуществляется в целях определения эффективности мер по правовому обеспечению местных исполнительных органов районов (городов областного значения).
      40-2. Оценка эффективности правового обеспечения местных исполнительных органов районов (городов областного значения) осуществляется аппаратом акима области.
      40-3. Разработка и утверждение методики оценки эффективности правового обеспечения государственных органов и ее методологическое сопровождение осуществляются Министерством юстиции Республики Казахстан.»;
      пункт 50 изложить в следующей редакции:
      «50. Форматы заключения о результатах общей оценки эффективности деятельности исполнительных органов и экспертного заключения Региональной экспертной комиссии о результатах оценки эффективности деятельности исполнительных органов определяются центральным уполномоченным органом по региональному развитию по согласованию с Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан.»;
      пункт 53 изложить в следующей редакции:
      «53. Аким области, города республиканского значения, столицы в срок не позднее 25 июля текущего года представляет в центральный уполномоченный орган по региональному развитию отчетную информацию о проведении оценки эффективности. Центральный уполномоченный орган по региональному развитию на основании отчетов акимов областей, города республиканского значения, столицы направляет в срок не позднее 15 августа текущего года обобщенную информацию с учетом результатов общей оценки, эффективности в части оценки местных исполнительных органов, предоставленных центральным уполномоченным органом по государственному планированию, согласно пункту 58 Системы, в Администрацию Президента Республики Казахстан и Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.»;
      дополнить разделом 6.1. следующего содержания:
      «6.1. Порядок проведения оценки реорганизованных и упраздненных государственных органов
      60-1. В случае реорганизации или упразднения оцениваемого государственного органа в первом полугодии оцениваемого года, оценка данного органа осуществляется в рамках оценки государственного органа-правопреемника и учитывается при расчете итогового балла оценки государственного органа-правопреемника.
      60-2. При реорганизации или упразднении оцениваемого государственного органа во втором полугодии оцениваемого года оценка данного органа не осуществляется. Анализ деятельности государственного органа, реорганизованного или упраздненного во втором полугодии оцениваемого года, учитывается в рамках оценки государственного органа-правопреемника и используется в качестве рекомендаций.
      60-3. При реорганизации или упразднении оцениваемого государственного органа в период с начала года, следующего за оцениваемым периодом, до установленных графиком оценки сроков представления государственными органами отчетных данных оценка данного государственного органа осуществляется с учетом результатов за оцениваемый период. Результаты оценки по переданным функциям и полномочиям передаются в качестве рекомендаций в государственный орган-правопреемник.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 602 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 403 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 333-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта «тиімділігін» деген сөз «тиімділігіне бағалау жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінде:
      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті органға бағалау нәтижелері бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерін қамтиды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тиімділікті бағалауды жалпы әдіснамалық жетекшілік етуді өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір бағыты бойынша Жүйенің 10-тармағында айқындалған тиімділікті бағалауды жүргізуге уәкілетті орталық мемлекеттік органдар атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалатын өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 4.7-бөліммен толықтырылсын:
      «4.7. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау
      40-1. Осы бағыт бойынша бағалау аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      40-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалауды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
      40-3. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындының және атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы Өңірлік сараптау комиссиясының сараптама қорытындысының форматтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті органға тиімділікке бағалау жүргізгені туралы есептік ақпаратты береді. Өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің есептері негізінде Жүйенің 58-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдарды бағалау бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган берген жалпы тиімділікке бағалау нәтижелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қорытылған ақпаратты жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 6.1-бөліммен толықтырылсын:
      «6.1. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу тәртібі
      60-1. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы органды бағалау құқықтық мирасқор мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және құқықтық мирасқор мемлекеттік органды бағалаудың жиынтық балын есептеген кезде ескеріледі.
      60-2. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде осы органды бағалау жүзеге асырылмайды. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі және ұсынымдар ретінде пайдаланылады.
      60-3. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың басынан бастап мемлекеттік органдардың есепті деректерді беру мерзімдерін бағалау кестесінде белгілегенге дейінгі кезеңде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде осы мемлекеттік органды бағалау бағаланатын кезеңдегі нәтижелер ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Берілген функциялар мен өкілеттіктер бойынша бағалау нәтижелері құқықтық мирасқор мемлекеттік органға ұсынымдар ретінде беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов