О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2005 года № 1087 "О создании Совета по космосу при Правительстве Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2013 года № 794. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 140.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.03.2017 № 140.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2005 года № 1087 "О создании Совета по космосу при Правительстве Республики Казахстан" следующие изменения:

      1) в Положении о Совете по космосу при Правительстве Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункты 2, 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "2. В своей деятельности Совет руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О космической деятельности", актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящим Положением.

      3. Основными задачами Совета являются:

      1) разработка предложений по обеспечению интеграции науки, образования, производства и финансово-кредитной сферы для развития космической деятельности в Республике Казахстан;

      2) разработка предложений по использованию космических средств для решения проблем экологической безопасности, предупреждения о природных катастрофах и спасения в экстремальных ситуациях;

      3) разработка предложений по эффективному использованию комплекса "Байконур", государственных ресурсов и привлечению внешних инвестиций для развития космической деятельности;

      4) разработка предложений по использованию достижений науки и новых технологий в космической отрасли в интересах научно-технического, социально-экономического прогресса и национальной безопасности Республики Казахстан;

      5) разработка предложений по соблюдению национальных интересов, обеспечению обороны и национальной безопасности Республики Казахстан при осуществлении космической деятельности;

      6) разработка предложений по поддержке приоритетных направлений развития космической деятельности.

      4. Функции Совета:

      1) выработка предложений по социальной защите работников, работающих в сфере космической деятельности и правовой охраны интеллектуальной собственности;

      2) выработка предложений по созданию системы подготовки, переподготовки, повышения квалификации кадров для сферы космической деятельности и пропаганде достижений космонавтики;

      3) выработка рекомендаций по конверсии оборонного комплекса Казахстана и эффективному использованию его научного и материально-технического потенциала в космическом приборостроении;

      4) выработка рекомендаций по наиболее перспективным и эффективным направлениям международного научно-технического сотрудничества в космической сфере;

      5) выработка предложений по функционированию комплекса "Байконур";

      6) выработка механизмов взаимодействия государственных органов Республики Казахстан, включая силовые структуры, по созданию и применению космических систем;

      7) выработка предложений по определению основных требований к космическим системам;

      8) выработка мер по внедрению космических технологий и оптимальной загрузке космических аппаратов.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Совет возглавляет председатель - Премьер-Министр Республики Казахстан. В состав Совета входят заместитель председателя Совета, секретарь и члены Совета.";

      часть четвертую пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "В состав Совета входят Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, курирующий вопросы космической деятельности, первые руководители министерств юстиции, финансов, экономики и бюджетного планирования, иностранных дел, транспорта и коммуникаций, обороны, по чрезвычайным ситуациям, образования и науки, охраны окружающей среды, Национального космического агентства, специальный представитель Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур", первые заместители первых руководителей министерств индустрии и новых технологий, регионального развития, а также заместитель Председателя Комитета национальной безопасности, курирующий вопросы космической деятельности.";

      2) состав Совета по космосу при Правительстве Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 5 августа 2013 года № 794
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 октября 2005 года № 1087

Состав
Совета по космосу при Правительстве Республики Казахстан

Ахметов

Серик Ныгметулы

Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель




Мусабаев

Талгат Амангельдиевич

Председатель Национального космического агентства Республики Казахстан, заместитель председателя




Казиев

Баглан Нурланович

директор Департамента развития космической деятельности Национального космического агентства Республики Казахстан, секретарь




Келимбетов

Кайрат Нематович

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан




Имашев

Берик Мажитович

Министр юстиции Республики Казахстан




Жамишев

Болат Бидахметович

Министр финансов Республики Казахстан




Досаев

Ерболат Аскарбекович

Министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан




Идрисов

Ерлан Абильфаизович

Министр иностранных дел Республики Казахстан




Жумагалиев

Аскар Куанышевич

Министр транспорта и коммуникаций Республики Казахстан




Джаксыбеков

Адильбек Рыскельдинович

Министр обороны Республики Казахстан





Божко

Владимир Карпович

Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан




Жумагулов

Бакытжан Турсынович

Министр образования и науки Республики Казахстан




Каппаров

Нурлан Джамбулович

Министр охраны окружающей среды Республики Казахстан




Рау

Альберт Павлович

первый вице-министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан




Ускенбаев

Каирбек Айтбаевич

первый вице-министр регионального развития Республики Казахстан




Амрин

Госман Каримович

заместитель Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)




Нуртаев

Рзакул Саденович

специальный представитель Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур" (по согласованию)


"Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 794 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы ережеде:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері мен осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      2) экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      3) ғарыш қызметiн дамыту үшiн "Байқоңыр" кешенін, мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесi үшін ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      6) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      4. Кеңестiң функциялары:

      1) ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      2) ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      3) Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн ғарыштық аспап құрастыруда тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

      4) ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиiмдi бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;

      5) "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) әлеуетті құрылымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ғарыш жүйелерін құру және қолдану бойынша өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу;

      7) ғарыш жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) ғарыш технологияларын енгізу және ғарыш аппараттарын оңтайлы жүктеу жөнінде шаралар әзірлеу.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары, хатшы және Кеңес мүшелері кiредi.";

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Әдiлет, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Сыртқы iстер, Көлiк және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiнiң, Ұлттық ғарыш агенттігінің бiрiншi басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрлiктерiнiң бірінші басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары кiредi.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 794 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі
кеңестің құрамы

Ахметов
Серік Нығметұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Қазиев
Бағлан Нұрланұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Имашев
Берік Мәжитұлы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Жақсыбеков
Әділбек Рыскелдіұлы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

Божко
Владимир Карпович

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі

Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Нұртаев
Ырзақұл Сәденұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі (келісім бойынша)