Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2013 года № 799. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 623

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 623 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 17.04.2015 г. № 461.


      В соответствии с подпунктом 6) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 1334 «Об утверждении критериев социально значимых услуг» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 2, ст. 41);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2011 года № 1503 «Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 7, ст. 140).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены           
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 6 августа 2013 года № 799 

Правила
отбора государственных услуг, подлежащих оказанию
через центры обслуживания населения 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» и определяют порядок отбора государственных услуг для оказания через центры обслуживания населения (далее – ЦОН).
      2. Увеличение количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН, осуществляется в целях повышения качества и доступности государственных услуг.
      3. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
      1) уполномоченный орган в сфере информатизации – центральный государственный орган, осуществляющий руководство в сфере информатизации и «электронного правительства»;
      2) уполномоченный орган в сфере оказания государственных услуг – центральный государственный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере оказания государственных услуг;
      3) межведомственная комиссия – межведомственная комиссия при уполномоченном органе в сфере информатизации по отбору государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, положение и состав которой утверждаются приказом уполномоченного органа в сфере информатизации на основании предложений и кандидатур, представленных государственными органами и общественными организациями;
      4) реестр государственных услуг – классифицированный перечень государственных услуг.

2. Порядок отбора государственных услуг

      4. Отбор государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, осуществляется на основании одного и (или) нескольких следующих критериев:
      1) услуги, носящие информационный характер (выдача справок и иных информационных документов);
      2) услуги, связанные с выдачей дубликата документа;
      3) услуги, связанные с выдачей лицензии и иных разрешительных документов.
      5. Центральные государственные и местные исполнительные органы с учетом предложений общественных объединений, представляющих интересы субъектов частного предпринимательства, ежегодно не позднее 1 февраля, представляют в уполномоченный орган в сфере информатизации предложения по увеличению количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН, по критериям, указанным в пункте 4 настоящих Правил.
      6. Уполномоченный орган в сфере информатизации ежегодно не позднее 20 февраля, на основе анализа государственных услуг, в том числе, с учетом результатов общественного мониторинга качества оказания государственных услуг, осуществляемого физическими лицами и некоммерческими организациями, а также непосредственно оценки качества оказания государственных услуг формирует перечень государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН (далее – перечень) по критериям, указанным в пункте 4 настоящих Правил, для рассмотрения на межведомственной комиссии.
      7. Уполномоченный орган в сфере информатизации ежегодно не позднее 20 марта вносит перечень на рассмотрение межведомственной комиссии.
      8. Межведомственная комиссия по итогам рассмотрения перечня выносит положительное или отрицательное заключение о целесообразности оказания государственной услуги через ЦОН.
      9. Уполномоченный орган в сфере информатизации после вынесения межведомственной комиссией положительного заключения не позднее 10 мая направляет вышеназванный перечень в адрес уполномоченного органа в сфере оказания государственных услуг (далее – уполномоченный орган).
      Уполномоченный орган ежегодно не позднее 1 июля, на основе перечня, представленного уполномоченным органом в сфере информатизации, разрабатывает и вносит в установленном законодательством порядке в Правительство Республики Казахстан проект постановления Правительства Республики Казахстан, предусматривающий внесение соответствующих изменений и дополнений в реестр государственных услуг.
      10. Уполномоченный орган в сфере информатизации и заинтересованные государственные органы в шестимесячный срок после внесения изменений и дополнений в реестр государственных услуг принимают меры по организации оказания государственных услуг в ЦОН с дальнейшим внесением изменений в стандарты государственных услуг и иные нормативные правовые акты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 461 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 41-құжат);
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 140-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 799 қаулысымен  
бекітілген     

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын
мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.
      2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      3) ведомствоаралық комиссия – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, оның ережесі мен құрамы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған ұсыныстар мен кандидатуралардың негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібі

      4. ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады:
      1) ақпараттық сипаттағы қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);
      2) құжаттың телнұсқасын берумен байланысты қызметтер;
      3) лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты қызметтер.
      5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру жөнінде ұсыныстар береді.
      6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде, оның ішінде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды тікелей ескере отырып, ведомствоаралық комиссияда қарау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.
      7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
      8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
      9. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия оң қорытынды шығарғаннан кейін 10 мамырдан кешіктірмей жоғарыда аталған тізбені мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.
      Уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған тізбе негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      10. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін алты ай мерзімде кейіннен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып, ХҚО-да мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.