Об утверждении Правил определения ежемесячного дохода работника, принимаемого для исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 849. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 255

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.03.2014 № 255 (вводится в действие с 01.03.2014).

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2014 года

      В соответствии с пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 21 июня 2013 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения ежемесячного дохода работника, принимаемого для исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 452 «Об утверждении Правил определения ежемесячного дохода, принимаемого для исчисления добровольных профессиональных пенсионных взносов, и Перечня профессий работников, в пользу которых вкладчиками за счет собственных средств осуществляются добровольные профессиональные пенсионные взносы».
      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 августа 2013 года № 849

Правила
определения ежемесячного дохода работника, принимаемого для
исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов

      1. Настоящие Правила определения ежемесячного дохода работника, принимаемого для исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 21 июня 2013 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» и определяют порядок определения ежемесячного дохода работника, принимаемого для исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд.
      2. Вкладчики обязательных профессиональных пенсионных взносов исчисляют доход, принимаемый для исчисления обязательных профессиональных пенсионных взносов, исходя из суммы начисленного дохода работника за месяц.
      3. При исчислении обязательных профессиональных пенсионных взносов учитываются ежемесячные доходы работника, получаемые в виде оплаты труда в денежной форме: должностные оклады (тарифные ставки), доплаты, надбавки, компенсационные выплаты, премии.
      4. При исчислении обязательных профессиональных пенсионных взносов не учитываются следующие виды выплат:
      1) компенсационные выплаты, связанные с режимом работы и условиями труда:
      выплаты в соответствии с законодательством Республики Казахстан о социальной защите граждан, пострадавших вследствие экологического бедствия или ядерных испытаний на испытательном ядерном полигоне;
      полевые довольствия работников, занятых на геологоразведочных, топографо-геодезических и изыскательских работах в полевых условиях, в размерах, установленных законодательством Республики Казахстан;
      выплаты в случаях, когда постоянная работа протекает в пути или имеет разъездной характер либо в связи со служебными поездками в пределах обслуживаемых участков, в размерах, установленных законодательством Республики Казахстан;
      2) компенсации, выплачиваемые работодателем работникам за
неиспользованный трудовой отпуск;
      3) компенсации, выплачиваемые при расторжении трудового договора в случаях ликвидации организации или прекращения деятельности работодателя, сокращения численности или штата работников.
      5. Обязательные профессиональные пенсионные взносы осуществляются вкладчиками обязательных профессиональных пенсионных взносов за счет собственных средств в пользу работников, профессии которых предусмотрены перечнем производств, работ, профессий работников, определенным Правительством Республики Казахстан.
      6. Ставка обязательных профессиональных пенсионных взносов устанавливается в размере пяти процентов от ежемесячного дохода работника, исчисленного в соответствии с настоящими Правилами.

Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 255 қаулысымен (01.03.2014 қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. "Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысты белгілеу ережесін және Салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 452 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 849 қаулысымен
бекітілген

Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары

      1. Осы Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысты қызметкердің бір айда есептелген табысының сомасына қарай есептейді.

      3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде қызметкердің ақшалай нысанда еңбекке ақы төлеу түрінде алатын мынадай табыстары: лауазымдық жалақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, өтемақы төлемдері, сыйлықақылар ескеріледі.

      4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде төлемдердің мынадай түрлері ескерілмейді:

      1) жұмыс режиміне және еңбек жағдайларына байланысты берілетін өтемақы төлемдері:

      экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдер;

      далалық жағдайларда кен-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде берілетін далалық үлес;

      тұрақты жұмысы жол үстінде өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болған жағдайларда не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызметтік жол жүрулерге байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;

      2) жұмыс берушінің қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақылары;

      3) ұйым таратылған немесе жұмыс беруші қызметін тоқтатқан, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде төленетін өтемақылар есептелмейді.

      5. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістер, жұмыстар, қызметкерлердің кәсіптері тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

      6. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі қызметкердің осы Қағидаларға сәйкес есептелген ай сайынғы табысынан бес пайыз мөлшерде белгіленеді.