О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 "Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2013 года № 1000. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 «Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 48, ст. 654) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов, утвержденных указанным постановлением:
      пункты 45 изложить в следующей редакции:
      «4. В случаях, указанных в пункте 2 настоящих Правил, природопользователь подает в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды (далее - уполномоченный орган) в срок до 1 октября текущего года следующие документы:
      1) заявление по форме, утвержденной уполномоченным органом;
      2) расчеты, обосновывающие изменение квоты.
      5. Пересмотр квоты на выбросы парниковых газов, связанный с увеличением квоты, рассматривается по изменениям, которые были произведены в период от установленного базового уровня до окончания срока действия национального плана.»;
      пункт 6 исключить;
      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      «8-1. Основанием для отказа в изменении квоты являются неполнота и недостоверность материалов, представленных в уполномоченный орган»;
      подпункт 2) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      «2) копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугополучателя.
      Примечание: * свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 1000 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 654-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:
      45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
      2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.
      5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов