О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2013 года № 1174. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2023 года № 149.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 22.02.2023 № 149.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о взаимном учреждении торговых представительств от 22 октября 1992 года и Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об открытии отделений торговых представительств от 10 мая 2007 года, а также обеспечения представления внешнеторговых интересов Республики Казахстан в Российской Федерации Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Положении о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Торговое представительство является юридическим лицом, имеет печать и штамп со своим наименованием на государственных языках Республики Казахстан и Российской Федерации, бланки установленного образца, а также счета в банках.

      Торговое представительство имеет отделение в городе Казани (Республика Татарстан) в виде обособленного подразделения юридического лица, осуществляющее его задачи, функции и права в соответствии со своим Положением.

      Положение об отделении Торгового представительства утверждает Торговый представитель по согласованию с уполномоченным органом и Министерством иностранных дел Республики Казахстан.";

      подпункты 3), 4), 5) и 6) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "3) оказывает содействие казахстанским участникам внешнеторговой деятельности в установлении торгово-экономического сотрудничества, проведении переговоров, заключении внешнеторговых сделок в Российской Федерации, в том числе в целях продвижения инвестиций и экспортоориентированной продукции Республики Казахстан на рынки Российской Федерации;

      4) участвует в форумах, конференциях, и иных мероприятиях, работе межправительственной комиссии и иных образований по вопросам торгово-экономического сотрудничества в части, касающейся внешнеторгового сотрудничества Республики Казахстан с Российской Федерацией, в том числе в рамках торгово-экономических объединений и союзов;

      5) содействует проведению торговых выставок, ярмарок, конференций, форумов и иных мероприятий Республики Казахстан на территории Российской Федерации и привлечению казахстанских участников внешнеторговой деятельности к данным мероприятиям, а также иным специализированным мероприятиям в Российской Федерации;

      6) проводит работу по привлечению государственных органов и деловых кругов Российской Федерации к участию в международных выставках, ярмарках, конференциях, форумах и иных мероприятиях, проводимых на территории Республики Казахстан;";

      пункты 11, 12, 13, 14, 15, 16 изложить в следующей редакции:

      "11. Торговое представительство возглавляет Торговый представитель Республики Казахстан (далее - Торговый представитель), который назначается на должность и освобождается от должности Правительством Республики Казахстан по представлению уполномоченного органа, согласованному с Президентом Республики Казахстан.

      Торговый представитель имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей Правительством Республики Казахстан по представлению уполномоченного органа, согласованному с Президентом Республики Казахстан.

      12. В период работы за рубежом Торговый представитель и сотрудники Торгового представительства состоят в трудовых отношениях с уполномоченным органом.

      13. По должностным обязанностям персонал Торгового представительства подразделяется на сотрудников и работников Торгового представительства.

      Сотрудники Торгового представительства являются гражданскими служащими, гражданами Республики Казахстан, занимающими в представительстве штатные должности.

      К работникам Торгового представительства относится административно-технический персонал, занимающий в представительстве штатные административно-технические должности, осуществляющий функции обслуживающего персонала, который принимается на основе трудовых договоров как из членов семей сотрудников Торгового представительства, граждан Республики Казахстан так и граждан государства пребывания.

      14. Сотрудники Торгового представительства назначаются на должности по представлению Торгового представителя первым руководителем уполномоченного органа, по согласованию с Министерством иностранных дел Республики Казахстан.

      15. Продолжительность рабочего времени и времени отдыха, в том числе праздничные дни, для сотрудников и работников Торгового представительства устанавливаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан с учетом особенностей, установленных законодательством Российской Федерации.

      16. При выезде в Республику Казахстан для проведения ежегодного оплачиваемого трудового отпуска сотрудникам Торгового представительства оплачивается один раз в календарном году стоимость проезда в иностранной и национальной валютах от места работы за границей до места постоянного проживания и стоимость обратного проезда от места постоянного проживания до места работы за границей при следовании воздушным транспортом - по тарифу экономического класса, при следовании железнодорожным транспортом - в размере стоимости проезда в купейном вагоне скорого фирменного поезда.

      При этом при проведении отпуска в другом государстве сотрудникам Торгового представительства оплачивается стоимость проезда от места работы за границей до места проведения отпуска и обратно, но не более стоимости проезда до места постоянного проживания в Республике Казахстан и обратно.";

      пункт 17 исключить;

      в пункте 19:

      подпункты 4), 5) изложить в следующей редакции:

      "4) определяет обязанности заместителей Торгового представителя, сотрудников и работников Торгового представительства;

      5) издает приказы, обязательные для исполнения сотрудниками и работниками Торгового представительства;";

      дополнить подпунктами 8) 9) и 10) следующего содержания:

      "8) представляет кандидатуры на рассмотрение первому руководителю уполномоченного органа для приема на работу в Торговое представительство и отделение Торгового представительства в городе Казани;

      9) утверждает структуру и штатное расписание Торгового представительства в пределах лимита штатной численности, установленной Правительством Республики Казахстан, по согласованию с уполномоченным органом;

      10) противодействует коррупции и несет персональную ответственность за соблюдение законодательства о борьбе с коррупцией Республики Казахстан и государства пребывания.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1174 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "1992 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді және 2007 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сауда өкілдігі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік тілдерінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары болады.

      Сауда өкілдігінің Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі түріндегі, өзінің Ережесіне сәйкес оның міндеттерін, функциялары мен құқықтарын жүзеге асыратын бөлімшесі бар.

      Сауда өкілдігінің бөлімшесі туралы ережені уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Сауда өкілі бекітеді.";

      9-тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына Ресей Федерациясында сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуына, келіссөздер жүргізуіне, сыртқы сауда мәмілелерін жасасуына, оның ішінде, Қазақстан Республикасының инвестицияларын және экспортқа бағдарланған өнімдерін Ресей Федерациясының нарығында ілгерілету мақсатында жәрдем көрсетеді;

      4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда ынтымақтастығына қатысты бөлігінде, оның ішінде сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтар шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі форумдарға, конференцияларға, өзге де іс-шараларға, үкіметаралық комиссияның және өзге құралымдардың жұмысына қатысады;

      5) Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасының сауда көрмелерін, жәрмеңкелерін, конференцияларын, форумдары мен өзге іс-шараларын өткізуге және осы іс-шараларға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы өзге мамандандырылған іс-шараларға сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларын тартуға жәрдемдеседі;

      6) Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары мен іскер топтарын Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға, форумдар мен өзге іс-шараларға қатысуға тарту жөніндегі жұмыс жүргізеді;";

      11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сауда өкілдігін Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген, уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Сауда өкілі (бұдан әрі - Сауда өкілі) басқарады.

      Сауда өкілінің Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген, уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары бар.

      12. Шетелде жұмыс істеу кезеңінде Сауда өкілі және Сауда өкілдігінің қызметкерлері уәкілетті органмен еңбек қатынастарында болады.

      13. Қызметтік міндеттері бойынша Сауда өкілдігінің персоналы Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері болып бөлінеді.

      Сауда өкілдігінің қызметкерлері азаматтық қызметшілер, өкілдікте штаттық лауазымдар атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

      Сауда өкілдігінің жұмыскерлеріне өкілдікте штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдар атқаратын, Сауда өкілдігі қызметкерлерінің отбасы мүшелерінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарынан және болу мемлекетінің азаматтарынан еңбек шарттары негізінде қабылданатын, қызмет көрсетуші персоналдың функцияларын жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық персонал жатады.

      14. Сауда өкілдігінің қызметкерлерін Сауда өкілінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы тағайындайды.

      15. Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, оның ішінде мереке күндері Ресей Федерациясы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      16. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын өткізу үшін Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде Сауда өкілдігін қызметкерлеріне шетелдегі жұмыс орнынан тұрақты тұратын орнына дейінгі жолақысының құны және тұрақты тұратын орнынан шетелдегі жұмыс орнына дейін кері қайту жолақысының құны әуе көлігін пайдаланған кезде - экономикалық кластың тарифі бойынша, теміржол көлігімен жол жүрген кезде - жүрдек фирмалық поездың купелік вагонының жолақысы құны мөлшерінде күнтізбелік жылда бір рет шетелдік және ұлттық валюталарда төленеді.

      Бұл ретте демалысын басқа мемлекетте өткізген кезде Сауда өкілдігінің қызметкерлеріне шетелдегі жұмыс орнынан демалысын өткізетін орынға дейінгі және кері қайту жолақының құны, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын орнына дейінгі және кері қайту жолақысының құнынан аспайтын мөлшерде төленеді.";

      17-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақта:

      4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Сауда өкілі орынбасарларының, Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің міндеттерін айқындайды;

      5) Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;";

      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) Сауда өкілдігіне және Сауда өкілдігінің Қазан қаласындағы бөлімшесіне жұмысқа қабылдау үшін кандидатураларды уәкілетті органның бірінші басшысының қарауына ұсынады;

      9) уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген штат санының лимиті шегінде Сауда өкілдігінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов