О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 119 "Об утверждении Правил определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2014 года № 36. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2015 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2015 № 475 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 119 «Об утверждении Правил определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии» (САПП Республики Казахстан 2012 г., № 27-28, ст. 368) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 2:
      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:
      «1) ближайшая точка подключения к тепловым сетям – ближайшая точка врезки трубопровода от объекта по использованию возобновляемых источников энергии в общую систему теплоснабжения населенного пункта с параметрами, соответствующими параметрам теплоносителя в общей сети теплоснабжения;
      2) ближайшая точка подключения к электрическим сетям – ближайшее место физического соединения энергетической установки энергопроизводящей организации, использующей возобновляемые источники энергии, с электрической сетью энергопередающей организации, соответствующей по классу напряжения;»;
      дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      «6) объект по использованию возобновляемых источников энергии – технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации объекта по использованию возобновляемых источников энергии, и находящиеся на балансе собственника объекта по использованию возобновляемых источников энергии.»;
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      «2-1. Вновь построенные объекты по использованию возобновляемых источников энергии, а также реконструированные объекты независимо от срока ввода в эксплуатацию подключаются к ближайшей точке электрических или тепловых сетей энергопередающей организации, соответствующей по классу напряжения или параметрам теплоносителя в общей сети теплоснабжения.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Энергопередающая организация, в срок не позднее пятнадцати календарных дней со дня поступления заявки от инвестора в форме письма сообщает инвестору возможные ближайшие точки подключения к электрическим сетям для рассмотрения в «Схеме выдачи мощности электростанции», которая разрабатывается специализированными проектными организациями, имеющими лицензию на соответствующую проектную деятельность.»;
      часть вторую пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «Технические условия выдаются энергопередающей организацией в течение трех рабочих дней по истечению срока рассмотрения заявки на получение технических условий.»;
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      «17. Подключение к сетям энергопередающей организации объектов по использованию возобновляемых источников энергии производится после ввода в эксплуатацию объекта на основании полученных технических условий.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 368-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларында:
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіден жылумен жабдықтаудың жалпы желісінде жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін параметрлермен елді мекенді жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне құбыр ойығының ең таяу нүктесі;
      2) электр желілеріне қосудың ең таяу нүктесі - энергия беруші ұйымның кернеу класы бойынша сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым энергетикалық қондырғысының электр желілерімен нақты қосылатын ең таяу жері;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi - жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің теңгеріміндегі құрылыстар мен инфрақұрылым.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жаңадан салынған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, сондай-ақ пайдалануға берілу мерзіміне қарамастан, реконструкцияланған объектілер кернеу класы бойынша немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілерінің ең таяу нүктесіне қосылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Энергия беруші ұйым инвестордан өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде электр желілеріне қосудың ықтимал ең таяу нүктелерін тиісті жобалау қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлейтін «Электр станциясының қуат беру схемасында» қарау үшін инвесторға хат түрінде хабарлайды.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық шарттарды электр беруші ұйым техникалық шарттарды алуға арналған өтінімді қарау мерзімі өткен соң үш жұмыс күн ішінде береді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Энергия беруші ұйымдардың желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосу алынған техникалық шарттар негізінде объектіні пайдалануға бергеннен кейін жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов