О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение об условиях и механизме применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2014 года № 67

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение об условиях и механизме применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     С. Ахметов

Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение
об условиях и механизме применения тарифных квот
от 12 декабря 2008 года

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений в Соглашение об условиях и механизме применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года, совершенный в Москве 21 июня 2013 года.

      Президент
      Республики Казахстан

ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Соглашение об условиях и механизме
применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года

      Правительство Республики Беларусь, Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      в соответствии со статьей 10 Соглашения об условиях и механизме применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года (далее - Соглашение), основываясь на Договоре о Евразийской экономической комиссии от 18 ноября 2011 года,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в Соглашение следующие изменения:
      1. в пункте 1 статьи 3 слова «Комиссией таможенного союза» заменить словами «Евразийской экономической комиссией»;
      2. пункт 1 статьи 4 изложить в следующей редакции:
      «1. Комиссия распределяет объем тарифной квоты между государствами Сторон в пределах разницы между объемами производства и потребления в каждом из государств Сторон, которая принималась во внимание при расчете объема тарифной квоты для единой таможенной территории в соответствии со статьей 3 настоящего Соглашения. При этом Комиссия либо Стороны в соответствии с решением Комиссии определяют метод и порядок распределения тарифной квоты между участниками внешнеторговой деятельности, а также при необходимости распределяют тарифную квоту между третьими странами.».

Статья 2

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Протокола, разрешаются в порядке, установленном Соглашением.

Статья 3

      Настоящий Протокол временно применяется с даты подписания и вступает в силу с даты получения депозитарием по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении государствами Сторон внутригосударственных процедур, необходимых для вступления настоящего Протокола в силу.

      Совершено в городе _________ «__» ________ 20__ года в одном подлинном экземпляре на русском языке.
      Подлинный экземпляр настоящего Протокола хранится в Евразийской экономической комиссии, которая, являясь депозитарием настоящего Протокола, направит каждой Стороне его заверенную копию.

     За Правительство      За Правительство     За Правительство
    Республики Беларусь   Республики Казахстан     Российской
                                                    Федерации

      Настоящим удостоверяю, что данный текст является полной и аутентичной копией Протокола о внесении изменений в Соглашение об условиях и механизме применения тарифных квот от 12 декабря 2008 года, подписанного 21 июня 2013 года в городе Москве:

      за Правительство Республики Беларусь - Заместителем Министра Иностранных дел Республики Беларусь А.Е. Гурьяновым;
      за Правительство Республики Казахстан - Вице-министром Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Т.М. Жаксылыковым;
      за Правительство Российской Федерации - заместителем Министра экономического развития Российской Федерации А.Е. Лихачевым.

      Подлинный экземпляр хранится в Евразийской экономической комиссии.

      Заместитель директора
      Правового Департамента                   Л.В. Щур-Труханови

"2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 67 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2013 жылғы 21 маусымда Мәскеуде жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі
      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 3-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Комиссия Тараптар мемлекеттерінің арасында тарифтік квотаның көлемін Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысында осы Келісімнің 3-бабына сәйкес бірыңғай кеден аумағы үшін тарифтік квота көлемін есептеу кезінде назарға алынған өндіру мен тұтыну көлемдерінің арасындағы айырма шегінде бөледі. Бұл ретте Комиссия не Комиссияның шешіміне сәйкес Тараптар сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квотаны бөлудің әдісі мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде тарифтік квотаны үшінші елдер арасында бөледі.».

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жібереді.

      Беларусь           Қазақстан             Ресей
Республикасының     Республикасының      Федерациясының
   Үкіметі үшін        Үкіметі үшін         Үкіметі үшін

      Осымен 2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында қол қойылған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама көшірмесінің мәтіні толық және аутентикалық болып табылатынын растаймын:
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасы Сыртқы істер Министрінің Орынбасары А.Е. Гурьяновпен;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасы  Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Т.М. Жақсылықовпен;
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Экономикалық даму Министрінің Орынбасары А.Е. Лихачевпен.
      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Барлығы тігілгені,     
қол қойылғаны және мөр соғылғаны
2 парақ.          

      Құқық департаменті
      Директорының Орынбасары            Л.В. Щур-Труханович

      2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау Министрі                Е. Досаев