О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1453 "О мерах по реализации Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года и Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 7 октября 2002 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2014 года № 302

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1453 «О мерах по реализации Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года и Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 7 октября 2002 года» следующие изменение и дополнение:
      в пункте 1:
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      «Министерство юстиции Республики Казахстан – по документам о регистрации актов гражданского состояния, прав на движимое имущество и сделок с ним, юридических лиц, а также иным официальным документам, исходящим из органов юстиции и от нотариусов;»;
      дополнить частью одиннадцатой следующего содержания:
      «Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан) – по поручениям судов Республики Казахстан, судов иностранных государств, ходатайствам физических и юридических лиц, связанным с исполнением решений и иных официальных документов судов.».
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном порядке уведомить депозитарии соответствующих международных договоров по оказанию правовой помощи по гражданским, семейным и уголовным делам, заключенных Республикой Казахстан о вносимых поправках настоящим постановлением.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       C. Ахметов

"1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 302 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі – азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды, заңды тұлғаларды, тіркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;»;
      мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) – соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша.».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы жасаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тиісті халықаралық шарттардың депозитарийлерін осы қаулымен енгізілетін түзетулер туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               C. Ахметов