О принятии государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2014 года № 348. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2018 года № 556

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.09.2018 № 556.
      Сноска. Утратило силу, за исключением пункта 1 постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 994.

В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     

      1. Принять в установленном законодательством порядке из коммунальной собственности государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области как имущественный комплекс в республиканскую собственность и передать в ведение Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.

2. Переименовать государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Нуринский групповой водопровод" Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан (далее – предприятие).

3. Определить Министерство окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан уполномоченным органом соответствующей отрасли.

4. Основным предметом деятельности предприятия определить содержание, эксплуатацию, а также обеспечение безопасности водохозяйственных систем и сооружений, находящихся в государственной собственности.

5. Министерству окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:

1) внести на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устав предприятия;

2) обеспечить государственную перерегистрацию предприятия в органах юстиции;

3) совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан, а также акиматом Акмолинской области принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

6. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр                                               

Республики Казахстан                                                К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 апреля 2014 года № 348

ДОПОЛНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года № 1344 "Об утверждении перечня водохозяйственных сооружений, находящихся в республиканской собственности" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 49, ст. 638):

в перечне водохозяйственных сооружений, находящихся в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

раздел "3. Групповые водопроводы" дополнить подпунктом 24) следующего содержания:

"24) Нуринский групповой водопровод".

2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года № 483 "О некоторых вопросах республиканской государственной собственности" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 19, ст. 214):

в перечне республиканских государственных предприятий, необходимых для выполнения общегосударственных задач, утвержденном указанным постановлением:

раздел "Министерство окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан":

дополнить строкой, порядковый номер 278-15, следующего содержания:

"278-15. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Нуринский групповой водопровод" Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан".

3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2013 года № 172 "Вопросы Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 17, ст. 302):

в Положении о Министерстве окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан:

в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств:

дополнить строкой, порядковый номер 49, следующего содержания:

"49. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Нуринский групповой водопровод" Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан".


Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 348 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 556 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2018 № 556 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармағын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 994 қаулысымен.

"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екiншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     

      1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің қарамағына берілсін.

2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi тиісті саладағы уәкілетті орган болып белгіленсін.

4. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекет меншігіндегі су шаруашылығының жүйелері мен құрылыстарын ұстау, пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының                                         

Премьер-Министрі                                                К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 cәуірдегі
№ 348 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

1. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

"3. Топтық су құбырлары" деген бөлім мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

"24) Нұра топтық су құбыры".

2. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi" деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-15-жолмен толықтырылсын:

"278-15. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат):

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:

"49. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".